Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«ҚТЖ» ҰК» АҚ рублмен шығарған облигациясы ресей нарығында жоғары бағаланды



7-8 желтоқсанда Санкт- Петербургте Cbonds.ru ақпараттық агенттігінің ұйымдастыруымен XV Ресей облигациялық конгресі өткізілді. Қазақстан, Ресей, Украина және басқа да ТМД елдері мен Еуропа, АҚШ институциональдық инвесторлары мен эмитенттері, инвестициялық компаниялары, банкілердің өкілдерінің қатысуымен өткізілген форумда 2017 жылдың қорытындысы жасалып, нарықтың өзекті жайлары талқыланды. Алдағы жылдарға банкі болашағы туралы пікір алмасты.

Конгресс аясында Cbonds Award 2017 жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өткізілді. «2017 жылғы ресей қоры нарығындағы шетелдік эмитенттің Үздік келісімі» аталымы бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жеңімпаз деп танылды.

2017 жылы маусымда «ҚТЖ» ҰК» АҚ ресей нарығына 15 миллиард рубль көлемінде несиелік қорға бес жыл мерзімге жылдық кірісі 8.75% облигация шығарған болатын.

Бұл қазақтандық эмитенттің алғашқы шығарылымы ТМД елдері аумағындағы елдер тарихындағы ресей нарығына шығарылған тұңғыш корпоративтік облигация болып табылады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мемлекеттің қордың 100% қатысуымен вертикальді-ықпалдастырылған көлік-логистикалық холдингі саналады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мынадай несиелік рейтингтерге: Fitch – BBB-; Moody’s – Baa3; S&P – ВВ- ие.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта