Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 23 жас маманы «Жас кәсіби маман-2017» жүлдесімен марапатталды

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның өңірлерден келген 250 жас мамандары қатысқан VIII Республикалық жастар форумы өз жұмысын аяқтады.

Соңғы сегіз жылда жастардың өз мәселелерін талқылап, шешетін пкірталас алаңына айналған, талантты, болашағынан үміт күттіретін еңбеккерлер форумы дәстүрге айналды. 2010 жылдан бері осы жобаға 18 мың жас маман қатысты. Олардың ішінде 70 жас іріктеліп басшылық қызметке ұсынылса, 11 жас қазақстан мен шетелдің кәсіби университеттерінің грантына ие болды. Қазірдің өзінде бас мамандардың төрттен бірі басқару құрамының мүшелері қатарына кіреді.

Форум қатысушылары алдында сөз сөйлеген «ҚТЖ» ҰК» АҚ Персонал жөніндегі вице-президенті Нұржан Жапарқұл Компания алдында тұрған стртегиялық тапсырмаларды шешудегі жас мамандардың рөліне тоқталды.

«қазіргідей Интернет дамыған кезеңде сандық технологияға сұраныс жоғарылады. Соған сәйкес, жаңа формациядағы кадрге қажеттілік өсті. Бұл уақыттың өзінен туындап отырған қажеттілік»,-деп атап өтті Н. Жапарқұл. Оның айтуынша, Компания адами ресурстарды сапалық жетілдірудің бағдарламаларын табысты жүзеге асыруда.

Компанияда корпоративтік оқу орта және жоғары оқу орындарында дуальдық жүйемен жүзеге асырылып, жас мамандардың кәсіби біліктілігі көтеріледі. Тәжірибелік сынақтардан өтеді.

Форум жобасы аясында қатысушылардың кәсіби және жеке тұлға ретінде қалыптасып, өзінің мақсатына жетуіне қолдау көрсетіледі.

Форум соңында «Жас кәсіби маман-2017» жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы –Шу машиналандырылған жол дистанциясының өндірістік техникалық бөлімінің жетекші инженер-технологы Н. Қалыңғараев инновациялық жоба байқауында бірінші орынды иемденді.

Форум аясында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне «ҚТЖ» ҰК» АҚ экспозициясын әзірлеуге қатысқан өңірлерден келген Жастар істері жөніндегі кеңестің үздіктері, Компанияның құрылымдық бөлімшелерінің еріктілері және ас теміржолшылар отбасы мүшелері марапатталды.

Форумының жабылу салтанаты шарасына «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы мен Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, салалық кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері қатысып жастарға жүлделер тапсырды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 



 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта