Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Жыл басынан бері «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүкайналымы 9,9 пайызға өсті

 

Биылғы қаңтар қараша айына дейін жүк тиеу көлемі 8,2% өсті. Оның ішінде астық тиеу мөлшері 19% артты. Елішілік бағдардағы астық жоспардан 61% жоғары тиелді. Экспорттық бағдардағы жоспар 5% артығымен орындалды. Белгіленген мерзімде 2,7 миллион тонна ұн өнімдері тасымалданды. Ол жоспарлы тапсырмадан 15% артық.

Экспорттық тасымалдау көлемі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 12 пайызға артқандығы байқалды. Оның ішінде Түркменстанға (31%), Қытайға (18%), Өзбекстанға және Ресейге (12%), Қырғызстан (10%) аумағындағы темір жолдарына бағытталған.

Жүктерді импорттық бағдарда тасымалдау көлемі 17% өсті.

Ресей шекаралық теміржол өткелдерімен тасымалдау

(17%), Қытаймен (21%), Өзбекстанмен (18%), сондай-ақ Ақтау портымен (44%) Болашақ станциясымен (70%) арта түсті.

Биылғы 11 айда Қытай-Еуропа бағдарындағы контейнерлік пойыз ұйымдастыру 1,5 есеге артқан. Қазақстан аумағымен Еуропадан Қытайға қарай контейнерлік транзиттік тасымал көлемі 1,9 есеге өсті. Негізгі транзиттік тасымал Ченду- Достық- Лодзь бағдарына өсе түскен.

Биылғы 11 айда өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда түрлі жүк тиеу 10 пайызға артқандығы байқалды. Оның ішінде құрылыс материалдары -25%, түсті кен өнімдері – 23%, химиялық, минеральдық тыңайтқыштар жоспардағыдан 16% көп тасымалданды. Оның сыртында көмір тиеу көлемі өткен жылмен салыстырғанда екі пайызға өсті.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ жүк айналымы көрсеткіші барлық тұтынушылар мен сұраныс иелерінің талап-тілектеріне сәйкес ұйымдастырылған шаралардың нәтижесінде өсіп келеді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта