Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жыл аяғында «Жас кәсіби маман – 2017» жастар сыйлығы иелерін анықтайды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да барлық өңірлердегі өкілдердің қатысуымен дәстүрлі жастардың VIII Республикалық форумы өткізілуде.

Компаниядағы ашылған Жастар форумы 2016-2021 жылдарға арналған Жастар саясаты бағдарламасын жүзеге асыру аясында Компаниядағы жас мамандардың жаңашыл идеялары, тәжірибе алмасуларының тиімді алаңына айналған.

«VIII Республикалық форумы көлік саласындағы жас еңбеккерлердің өміріндегі маңызды оқиға болып табылады. Дәстүрлі форумда тәжірибелік тренингтер, бизнес квесстер, тақырыптық пікірсайыстар, ҚТЖ топ менеджерлерімен кездесулер, интеллектуальдық ойындар, семинарлар, шеберлік сыныптары өткізіледі»,-дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Персонал жөніндегі вице-президент Н. Жапарқұл.

Оның айтуынша, биылғы Форумда «ҚТЖ» ҰК» АҚ өңірлерінен келген жастардың «Жас кәсіби маман – 2017» жастар премиясы 23 аталымының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталады. Олардың ішінде  саланы дамытуға лайықты үлес қосқан сан түрлі мамандық иелерінің есімдері  белгілі болады. Талантты жас мамандар Компанияның кадрлық қоры сапына қабылданады.

Форум аясында «Жастар бастамашылығының марафоны» қайырымдылық шарасының қорытындысы шығарылады. Жоба мүмкіндігі шектеулі балаларды бағып отырған жас отбасыларын қолдауға арналған. Оларға арналып Компанияның жас мамандары балалардың арман мақсаттарын орындайтын болады.

Жастар форумы 8 -желтоқсанға дейін жалғасады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта