Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Ташкентте ҚР мен ӨР теміржол әкімшіліктерінің басшылары тасымалдау тиімділігін көтеруге уағдаласты

24 қарашада Ташкентте «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев пен «Узбекистон темир йоллари» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Акбар Шүкіревпен кездесіп, көлік және логистика саласындағы серіктестікті әрі қарай дамыту мәселесі бойынша келіссөз жүргізді. 

Кездесу барысында тараптар тасымалдау үдерісінің тиімділігін көтеру, жылжымалы құрамды пайдалану, айналымын жеделдету,  вагондардың мемлекетаралық түйісу нүктелерінде бос тұрып қалуын болдырмау мәселелерін талқылады.

2017 жылғы он айда ҚР мен ӨР арасындағы теміржол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 16,2 миллион тоннаға жеткізіліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 942 мың тоннаға артқандығы байқалды. Жыл аяғына дейін 20 миллион тонна жүк тасымалдау жоспарланып отыр.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазақстан аумағынан астық және ұн өнімдерін Өзбекстан және Ауғанстанға белгіленген кестемен сағатына 820 шақырымдық жылдамдықпен өткізілуін ұйымдастырды»,-дейді Қ. Алпысбаев.

Осыған байланысты Қазақстан тарабы астық пен ұн тиелген пойыздарды Өзбекстан аумағы бойынша да «белгіленген кестемен» өткізілуін ұсынды. Бұл өз кезегінде жылжымалы құрамның айналымын қысқартып, жүк тиеу ресурсын ұлғайтады.

Кездесу барысында тараптар Сарыағаш мемлекетаралық түйісу бекетінде вагондардың негізсіз тұрып қалуын болдырмай, жүк түсірілген соң дер  кезінде қайтаруды қамтамасыз етуге уағдаласты.

2018 жылдың бірінші тоқсанында теміржол машинасын жасаудың бірлескен кәсіпорнын құру жайы қаралатын болады.

ҚР мен ӨР теміржол әкімшілігі басшылары 2018 жылғы 15 наурыздан бастап №1/2  Алматы-Ташкент бағдарындағы «ҚТЖ» ҰК» АҚ жасақтаған халықаралық жүрдек пойыздары аптасына төрт рет  қатынайтын болады.

Тараптардың келісімдері Хаттамамен бекітілді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

 

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта