Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Теміржолшылар әріптестерін іспен қолдады

Биылғы жылы олардың екеуі де тағдырдың жазуымен үйсіз қалды. Айжан Таңованың үйі өртеніп кетсе, Ізбасар Августовтың үйін су басып қалды.

Жергілікті кәсіподақ ұйымының белсендісі Сара Бижанованың айтуынша, «ұжымда әріптестеріне көмек қолын барлығы да созды. Одан тыс қалған адам жоқ. Әрқайсысы мүмкіндігінше көмектесті».

С. Бижанованың станция еңбеккерлері өз күштерімен құрылыс материалдарын жеткізіп, Ізбасардың үйін жаңадан тұрғызуға атсалысты. Айжан үшін барлық еңбеккерлер материалдық көмек көрсетіп, балаларына мектепке тиесілі құралдарын әперді.

«Ұжымның барлық мүшелеріне алғысымды білдіремін. Солардың көмегінің арқасында жылы да жайлы үйге күзге дейін кіріп алдық Егер де, өзімнің еңбек ұжымымым көмектеспегенде менің қолымнан ештеңе келмес еді»,-дейді І. Августов.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта