Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«ҚТЖ» ҰК» АҚ –да электронды сандық кітапхана іске қосылады

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да Ғылыми-техникалық басқарудың автоматтық жүйесі (ҒМТ БАЖ) платформасында «Электронды сандық кітапхана» жобасы жүзеге асырылмақ.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Ғылыми-техникалық ақпарат және сараптау орталығының директоры Наталия Смольянованың айтуынша, «сандық технологиялы кітапхана жобасын жүзеге асыру  iOS и Android операциялық жүйесіне мобильдік қосымша енгізу арқылы техникалық ақпараттарға Компания қызметкерлері әлемнің кез-келген түкпірінде жүріп, қол жеткізе алады».

Қазіргі кезде ҒМТ БАЖ  корпоративтік желі арқылы ғылыми-техникалық ақпараттарға, нормативтік- техникалық құжаттарға, бейне конференцияның құжаттарына қол жеткізуге болады.

 «ҒМТ БАЖ арқылы Орталықтың барлық бағыттарын практикалық түрде автоматтандырып қана қоймай, (рационализаторлық, ақпараттық, баспалық, мұражайлық) білім қорының қоймасы болып та қала береді»,- дейді Н. Смольянова.

Автоматтандырылған жүйесі тұрақты  түрде толықтырылатын мәліметтерден  тұрады. Оның ішінде электрондық оқулықтар, кітаптар, безендірілген шолулар, 70 түрлі басылымдағы теміржол саласына арналған өзекті тақырыптағы толық мәтіндер,  бейне фильмдер, құқықтық –нормативтік құжаттар, көршілес мемлекеттердегі теміржол саласындағы үздік техникалық және технологиялық жаңалықтар туралы ақпараттар жарияланады.

Н. Смольянованың хабарлауынша, «Компания мұндай ақпараттық технологияны Теміржолдар ынтымақтастығы ұйымына(ТЖЫҰ) мүше елдердің темір жолдары ішінде алғашқысы болып бастап отыр. Бірқатар теміржол әкімшіліктері ақпараттық жүйені автоматтандыру бойынша тәжірибе алмасуға қызығушылық білдіріп отыр. Таяу болашақта «ҚТЖ» ҰК» АҚ ҒМТ БАЖ жүйесіне ықпалдасып ТЖЫҰ жүйесіндегі мүше елдердің ғылыми-техникалық ақпарат алмасудың бірыңғай жүйесі жасалатын болады».

 Қазіргі таңда Компанияның техникалық кітапханасы қорында жүзден астам мерзімді басылымдар мен 800 мыңнан астам кітаптары бар. Келесі жылы SAP, бизнесті трансформациялау, IТ-технологиясы, логистика, персоналды басқару және технологиялық әдебиеттер сатып алынады.

«Ақпараттық технологияларды өндіріске енгізу Компания қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіруге елеулі үлес қосады. Жұмыс тиімділігін көтереді»,-дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақпараттық және сараптамалық ғылыми-техникалық орталығының басшысы Н. Смольянова.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі



 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта