Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«ҚТЖ» ҰК»АҚ бизнес- құрылымын «Qamqor» қорғайды

 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ селекторлық кеңесінде ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы тіркеу комитеті шығарған «Qamqor – бизнесті қорғау» мобильдік қосымшасының тұсаукесер рәсімі өткізілді.

Онлайн режімінде өткізілген тұсаукесер рәсіміне барлық өңірдегі теміржол бөлімшелерінің басшылары қатысты.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ президентінің кеңесшісі Б. Нұғманов бизнесті қолдау мемлекеттік басымдықтардың бірі екендігіне тоқталды.

«Компания және оның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес кәсіпорындары өздерінің құқықтарын, заң актілерін, басқа да кәсіпкерлік құқықтарын қорғайтын қазіргі IT- технологияны да меңгергені дұрыс»,-дейді Б. Нұғманов.

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы тіркеу комитетінің Аймақтық көлік басқармасының бастығы М. Ешімов кәсіпкерлік қорғаудағы әкімшілік және қылмыстық заңдар, мемлекеттік қадағалаушы органдардың бақылау жүргізуіндегі өзгерістер туралы әңгімеледі.

«Барлық бақылаушы және қадағалау органдары тексеру өткізер алдында Құқықтық статистика комитетіне тіркеуден өтеді. Біз тексерудің заңдылығын, дәйектілігін қамтамасыз етеміз»,-дейді М. Ешімов.

Оның айтуынша, кәсіпкерлікті заңсыз тексеруден қорғау шараларының бірі Комитеттің жыл басында өндіріске енгізген «Qamqor» мобильдік қосымшасы құқықтық жағымды жақыслықтарға жол ашуда.

«Мәселен, кәсіпкерлік нысанын тексеру тағайындалған кезде, кәсіпкердің ұялы телефонына «Сізге тексеру келеді» деген мәтін пайда болады. Кәсіпкер тексеруші орган туралы толық мәліметтерді, оның өткізілу мерзімі мен ұзақтығы, құқықтық дәйегі, тексеру бағыты, сонымен қатар тексерудің қаншалықты заңды екендігін анықтай алады»,- деп түсіндірді М. Ешімов.

Арнайы тіркеу бөлімінің бастығы О. Оспановтың айтуынша, кәсіпкерлік нысанын тексеруге келген тексеруші кәсіпкерге тексеру тағайындалғаны туралы Акт көрсетуі тиіс.

«Кәсіпкер 14 белгіден саннан тұратын Акт нөмірін ұялы телефонындағы «Qamqor» мобильді қосымшасы арқылы тереді. Сол кезде келген тексерудің заңдылығы анықталады. Егер Актінің мерзімі өтіп кеткен, немесе басқа тексеруші келсе онда тексеру заңсыз болып табылады да, кәсіпкер комитеттің Аумақтық органына шағым түсіре алады»,- деп түсіндірді О. Оспанов.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 



 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта