Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«ҚТЖ» ҰК» АҚ да спорттың бес түрінен дәстүрлі Спартакиада өткізілуде

Жыл сайын Тәуелсіздік күні қарсаңында Ұлттық компанияның филиалдары мен еншілес кәсіпорындары спортшыларының қатысуымен дәстүрлі Спартакиада жалғасын табуда.

Персонал жөніндегі вице-президент Н. Жапарқұлдың айтуынша, салауатты өмір салтын қолдау, спорттық шараларды өткізу Ұлттық компанияның корпоративтік саясатының маңызды бөлігі саналады.

«Бұқаралық –спорттық шаралар түрлі спорт түрлерінен чемпионаттар, турнирлер белгіленген күнтізбелік жоспар бойынша жүзеге асырылады. Жылма-жыл жарысқа қатысуға өтініш берушілер қатары көбейіп келеді. Бұл өз кезегінде компанияның еңбек ұжымдарының ортақ мүддеге топтасуына, корпоративтік рухтарының шыңдалуына қызмет етеді»,-дейді Н. Жапарқұл.

 Тәуелсіздік күніне арналған Спартакиадада теміржолшылар: волейбол, үстел теннисі, баскетбол, шахмат және шағын футболдан бақ сынасты.

Волейболдан Әскерилендірілген күзет қызметі АҚ командасы бірінші орынды еншіледі. Екінші орынды «ҚТЖ» ҰК» АҚ Орталық аппараты, үшінші орынды «Теміржол жөндеу» ЖШС құрама командалары бөлісті.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Бас инженері, орталық аппарат құрама командасының мүшесі Б. Қотырев «Спартакиаданың өте сәтті ұйымдастырылғандығын, ол өз кезегінде еңбеккерлердің денсаулығын жақсартып, жұмыс қабілетін көтеруге қызмет ететіндігін» атап өтті.

Үстел теннисінен «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы –Магистральдық желі дирекциясы», «Тұлпар-Тальго» ЖШС, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Астана теміржол вокзалы кешені»  топ жарды.

«Біздің станцияда спортты серік еткен теміржолшылар көп. Олар ұжым намысын қорғайтын Компаниядағы шараларға белсенділікпен қатысып келеді. Мұндай шаралар Қазақстан теміржолы секілді алып кәсіпорынның қызметкерлерін біріктіре түседі»,-дейді Спартакиада қатысушысы «Қырқыншы» станцияның бастығы А. Дәкенов.

Спартакиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдар, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қарашаның 25-26 күндері баскетбол мен шахматтан жарыс жалғасады. Шағын футболдан жарыс 9-желтоқсанда өткізіледі.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта