Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Астықты тоқтаусыз тасымалдау – «ҚТЖ»- Жүк тасымалы» АҚ бақылауында

«ҚТЖ –Жүк тасымалы»  АҚ астық пен ұн тасымалдау мәселесіне арналған селекторлық кеңес өткізді.

Кеңеске «Атамекен» ҚР ҰКП, трейдерлік, экспедиторлық компаниялардың өкілдері қатысты.  Кеңеске қатысушылар алдында сөз сөйлеген «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ басшысы Оралхан Кулаков жаңа астықты тасымалдау үдерісіне қатысушылардың өзара тығыз қарым-қатынас орнатуы керек екендігіне назар аударды.

«Теміржол көлігімен жүк тасымалдау сұранысын толығымен қанағаттандыру біздің басты міндетіміз»,-деп атап өтті компания жетекшісі. Ол сондай-ақ «қазіргі таңда тасымалды өз дәрежесінде орындаудың барлық жағдайлары жасалғандығын» атап өтті.

«Астық пен ұн тасымалдауға вагондар жеткілікті. Техникалық жағдай қамтамасыз етілген. Жүк жөнелтушілердің өтінімдері тұрақты бақылауда тұр»,-дейді О. Кулаков.

«Қараша айынан бастап 480 мың тонна астық тиелді. Тәуліктік 477 вагонға астық тиеу орнына, оны 530 вагонға жеткізу керек. Өткен жылы осы мерзімде 160 мың тонна ұн тасымалданған болатын.Орташа вагонға жүк тиеу тәулігіне 160 вагон болса, оны тәулігіне 163-ке жеткізу қажет. Бұл кешеуілдеудің себебі- вагондардың тиелуін күтіп бос тұрып қалуынан болып отыр»,- деп атап өтті О. Кулаков.

Кеңесте Қостанай жүк тасымалы бөлімшесінің атқарып жатқан шаралары аталып өтілді. Олар қарашадан бастап 2861 вагон (193,9 мың тонна астық) тасымалдаса, өткен жылмен салыстырғанда



19% жоғары көрсеткіш. Ұн өнімдері 81,4 мың тоннасы 1205 вагонмен тасымалданса, бұл өткен жылмен салыстырғанда 40% жоғары көрсеткішті құрайды. О. Кулаковтың хабарлауынша, Қостанай жол бөлімшесінде Галаба, Ақтау порты, Шымкент,Орта Азия, Жаңаресей порттарына пойыздар жіберуде. Қарашадан бастап Галабаға -14 бағдар, Орта Азияға – 12 бағдар, Шымкентке- 13, Ақтауға -15, Новоресейге – 1 пойызды жөнелтті.

Арқалық-Есіл, Есіл- Құшмұрын телімдері бағдарларына пойыздар ұйымдастырылды. Ол бағыттағы пойыздар бір мезгілде бос вагондарды жинақтап, жүк вагондарын жасақтауға қызмет көрсетеді. Ол станцияларда жылжымалы құрамдарды жедел жасақтау жағдайлары жасалған.

Кеңес барысында бірқатар жағымсыз фактілер аталып өтілді. Вагондар жүк тиелуін күтіп Ауғанстан станцияларында тәуліктеп тұрып қалады. Өзбекстанда да осындай жағдай кездесуде.Кей вагондар он бес күнге дейін жүк тиелуін күтіп қалатын жағдайы кездесті.Тапсырыс иелері жүк тиелген вагондарды бірнеше күн бойы түсірмеуі де жұмыс паркінің бос тұрып, жұмыс ырғағының бұзылуына әкеліп соғуда. 

Бұл мәселені тексеріп жағдайға нақты баға беру үшін «Атамекен» ҰКП өкілдеріне Ауғанстан, Өзбекстан, Қытай, Ақтау порты  станцияларын тексеруге кеңес берілді. Барлық жол бөлімшелерінің басшыларына жүк жөнелтушілер мен жүк қабылдаушылар вагондардың жүк тиеу операцияларын жеделдетуді бірлесіп ойластырып, шаралар қабылдауы тапсырылды.

Облыстық әкімдіктерде жүк жөнелтушілер,элеваторлар, астық комбинаттары, «Атамекен» ҰКП, кеден, фитосанитарлық және карантиндік бақылау қызметтерінің штабы қызмет етеді.

Компания басшысы кеңесті қорытындылай келіп, өтінімді мерзімінде жедел орындау, мәселелерді шешуді ширатудың арқасында жүк жөнелтуге қаншалықты вагон керектігі нақты көрініс табатындығына тоқталды. 

 «ҚТЖ-Жүк тасымалы»АҚ баспасөз қызметі

   

 

 

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта