Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Жамбылдық теміржолшы жүзге толды

Жамбыл вагон депосында 40-жылдан астам уақыт еңбек еткен сала ардагері Темирян Шаңғараев жүзге толды.    Ұлы Отан соғысы мен теміржол ардагерін Жамбыл теміржол бөлімшесінің басшылығы ұжым атынан құттықтап, ыстық лебіздерін білдірді.

«Жамбыл жол бөлімшесінде  Ұлы Жеңісті жақындатуға атсалысқан ардагерлердің саны 14. Сұрапыл соғыста от кешкен көзі тірі жауынгерлердің  бірі қарт теміржолшы Темирян Шаңғараев 100 жасқа толып отыр.  Күн санап қатары сиреген қазыналарымызды құрметтеу ұрпаққа парыз»,-дейді  ұрпағымен ұлағатты тірліктің тынысын кеңейткен қарт сарбазды ғасырлық мерейтойымен құттықтай барған «Құрметті теміржолшы», ЖТ-Жамбыл жол бөлімшесі ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағымбек Ақшалов.

Ғасыр жасаған  ақсақал аяғын нық басып, қонақтарын қошеметпен қарсы алды. 1917 жылы Башқұртстанда туылып, 19 жасында әскер қатарына алынған сарбаз  жеңіс туын көтеруге үлес қосқанын мақтан етеді.  Соғыстан соң елге аман-есен оралып, Жамбыл вагон пайдалану депосында зейнетке шыққанға дейін табанды еңбек етеді.  

«Әкеміз тоғыз перзент сүйіп, барлығымызды аяқтандыру үшін аянбай еңбек етті. Өзі өте еңбекқор, тіпті денсаулығы сыр берсе де дәрі-дәрмекке жүгінбейді. Осы жасына дейін ақ халаттылардың көмегіне зәру болған емес. Алайда, қазіргі кезде жүріп-тұруы қиындаған соң менің  ұлым жайын жасап отыр», –  деді қызы Дания.

Тоғыз  ұл-қызынан 42 немере, 27 шөбере сүйген ақсақалдың арманы да ұрпағының амандығы.

 

    «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта