Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Ағымдағы маусымда 630 шақырымнан астам теміржол жаңғыртылды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Магистральдық желі дирекциясы жазғы маусымда республикалық маңызы бар 630 шақырымнан астам теміржол желісін ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізді.

 Оның ішінде күрделі жөндеу жасалған 317,5 шақырымға рельс торкөздері төселді. Орташа жөндеу жұмыстары 77 шақырымға жүргізілсе, 237 шақырымдағы жолдарда рельстері түгелдей жаңартылды.

«Жөндеу жұмыстары барысында 51,9 шақырымның рельс тіректері ауыстырылса, 330 шақырымның балласт қабаты тазартылды. 2840 шақырымдық жолдағы рельстер қайралды. 1590 шақырымдағы жол түзетілді»,-дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы Жол және имараттар жөніндегі директоры Аманқос Баймағамбетов.

Жазғы маусымда жолды күрделі жөндеу жұмыстарымен қатар 7 көпірге жөндеу жүргізілді. Қапшағай көпір отряды құрылысшылары жоспардағы 77 жасанды имараттарға жөндеу жасап қана қоймай, сонымен қатар қосымша 23 имаратқа да жөндеу жүргізді. Қазіргі кезде Семей- Жаңасемей қума жолындағы көпірді күрделі жөндеуден өткізудің жобалық –сметалық құжаттары жасалуда.

Магистральдық желідегі маусымдық жөндеу жұмыстарының нәтижесінде жолаушылар пойыздары 175 шақырымдық жаңғыртылған жолда үлкен жылдамдықпен жүре бастады. «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойыздары 144 шақырымда, жүк пойыздары республикалық деңгейдегі 154 шақырым магистральде жылдамдықтарын көтере алады.

«Жылма -жыл «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Магистральдық желі дирекциясы  жасаған түрлі жөндеу жұмыстарының нәтижесінде теміржолды қайта жаңғыртып, пойыз қозғалысының қауіпсіздігін жақсартып, жүк және жолаушылар пойыздарының жылдамдығын көтеруге сүбелі үлестерін қосуда»,-дейді А. Баймағамбетов.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта