Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Әкімшіден стратегиялық серіктеске дейін

 

Ағымдағы жылдың 26-27 қазанында «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамында компанияның филиалдары мен еншілес ұйымдарының HR-қызметі мамандарына біліктілікті арттыру бойынша семинар өтті.

Іс-шараға Астана қаласында шоғырланған адами ресурстарын басқару бойынша 70-тен астам қызметкерлері, «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Теміржол көлігінің персоналын дамыту және бағалау орталығы» филиалы және «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Бизнесті трансформациялау орталығы» филиалының қызметкерлері қатысты.

«Персоналды басқару нысаналы моделін енгізу» жобасына қызметкерлерді тарту мақсатында «ҚТЖ» ҰК» АҚ бизнесті трансформациялау бағдарламасының өкілдері жобамен таныстырып, процеске қатысушылармен талқылау жүргізді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бизнесті трансформациялау бағдарламасының адами ресурстарды басқару жөніндегі топтың жетекшісі Б. Жексембин жоба шеңберіндегі енгізілетін негізгі бағыттар мен бастамалармен таныстырды.

HR функциясы трансформациясының негізгі мақсаты - қолдаушы әкімшілік функциясынан стратегиялық әріптес рөліне дейінгі ығысуы. Қазір HR бизнес алдында қызмет және қолдау көрсететін жеткізуші ретінде қаралады. Нысаналы модельде адами ресурстарын басқару өз функционалын және ықпалын кеңейтеді: қызметкерлерді қабылдау кезінде ашықтықты қамтамасыз етеді, таланттарды тиімді анықтайды және қолдайды, қызметкерлерді бағалауды жүргізеді, сыйақылар жүйесін реттейді.

«HR-қызметтерінің мамандарымен диалог арқасында жобалық команда бағалы кері байланыс алады. Бұл тікелей қатысушылардың дұрыс жұмысына сәйкес болу үшін процестерді ықтимал қайта қарау және бейімдеу мәселелерін анықтауға мүмкіндік береді», - деп бөлісті «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Бизнесті трансформациялау орталығы» филиалының бас менеджері Бауыржан Жексембин.

Адами ресурстарын басқару қызметкерлері корпоративтік мәдениет пен әлеуметтік тұрақтылықты зерттеу және өзгеруін басқару, қызметкерлерді іздестіру және іріктеу, кадрлық әкімшілік ету сияқты жаңа процестерді талдады. Кездесу жемісті өтті және нәтижесінде осындай іс-шараларды жүйелі түрде өткізу туралы шешім қабылданды.

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта