Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жылдық 4,8% өсімімен, онжылдық мерзімге $780 млн. еурооблигация орналастырды

Аталмыш шығарылым еурооблигацияны 2020 жылдарға дейінгі мерзімге 6,375% жылдық купон мөлшерлемесі өсімімен жүзеге асырды. Жоғары несиелік эмитент және тиімді құрылымдық (Облигацияны 2020 жылға дейін Мерзімінен бұрын Міндетті жабу шартымен) орналастыру қазіргі және болашақ инвесторлардың қызығушылығын туғызды. Бұл өз кезегінде алғашқы $1,8 млрд. жылдық кірісі 4,8% тапсырысқа жетуге мүмкіндік әперді. Бұл «ҚТЖ» ҰК» АҚ тарихындағы еуроблигациялық ең төменгі кірісті шығарылым болып отыр.  Сонымен қатар ҚР тәуелсіз еурооблигациясының төменгі сыйақы кірісін көрсетеді.

$780 млн. көлеміндегі 2020 жылдарға дейінгі жабу мерзімімен еурооблигацияны орналастыру, компанияның қысқа мерзімдік міндеттемлері мен қызмет көрсету жүктемесін едәуір жеңілдетті.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жаңа еурооблигациялық шығарылымына эмитенттің (BBB- (Fitch) / Baa3 (Moody's)) несиелік рейтингі деңгейі берілді. Келісімнің ғаламдық үйлестірушісі J.P.Morgan және Renaissance Capital, букраннерасы  Halyk Finance пен MUFG атанды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мемлекеттің қордың 100% қатысуымен вертикальдық ықпалдастырылған көлік-логистикалық холдингі болып саналады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта