Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да құқықтық қызметінің заң конгресінде нормативтік-құқықтық актілер мәселесін талқылады

Құқықтық қамтамасыз ету және сот-қуыным департаментінің ұйымдастыруымен «ҚТЖ»ҰК» АҚ-ның 200 еңбеккері Ұлттық компаниялары тобының  заң конгресіне қатысты. Аталмыш шара Компанияның аймақтық филиалдары мен еншліес компанияларының жетекшілері мен құқықтық қызметінің біліктілігін көтеруге бағытталды. Онда заңгерлер құқықтық-нормативтік актілер бойынша тәжірибелер алмасты, пікір сайыстарға қатысты.

Үшкүндік семинарда ҚР еңбек және келісім шарт мәселесі, ҚР азаматтық-процессуальдық кодексі, ҚР заңды тұлғаларының әкімшілік-құқықтық жауапкершілігі мәселелері қаралды.

Форумда Қазақстан мен Ресейдің тәжірибелі заңгерлері сөз сөйледі.

«Жалпы оқытушылар құрамы мен шараны ұйымдастыру деңгейі жоғары болды деп айта аламын. Біз өз кезегінде әрқайсымызға қатысты мәселелер бойынша сұрақтар қойып, оларға толыққанды жауаптар алдық»,-дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы филиалы – Атырау ЖТ бөлімшесінің директоры Бөріхан Беркімбаев.

«Қазтеміртранс» АҚ заң департаментінің менеджері Дәурен Тәжияқовтың айтуынша, барлық мамандарға тұрақты түрде білімін, біліктілігін көтеріп отыру арқылы, уақыт көшінен кеш қалмауы тиіс.

«Заңдар өзгеріп тұрады. Жаңалықтар енгізіледі. Сол кезде түрлі мәселелер туындайды. Осындай шаралар мамандардың жеке тұлға ретінде қалыптасып, кәсіби деңгейін өсіруге ықпал етеді. Сонымен қатар, ұжымның корпоративтік рухын көтереді»,-дейді Д. Тәжияқов.

Форум барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету және  сот-қуыным қызметі департаментінің директоры Рүстем Хасеновтің айтуынша, Компанияның заң қызметі мамандарының кәсіби біліктілігінің жоғары болуын қамтамасыз етуден туындап отыр. 

 «Қазақстан темір жолы»ҰК» АҚ баспасөз қызметі






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта