Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Жыл басынан бергі жүк тасымалы өткен жылмен салыстырғанда 12 пайызға өскен

 

Ұлттық тасымалдаушы жыл басынан бері жүк айналымы көлемі 10,3 пайызға, ал барлық жүк түрлері бойынша тиеу көлемі өткен жылмен салыстырғанда 12,6 пайызға артқандығы байқалды.

Жүк жөнелтушілердің тапсырысымен жоспардан 10 пайыз артық ұн, 13 пайыз артық астық тасымалданды. Жыл басынан бері экспорт көлемі өткен жылмен салыстырғанда 12 пайызға өсіп, 63,5 миллион тоннаны құрады. Жүктерді экспортқа шығару Ресейге (+12%), Қытайға (18%), Қырғызстанға (+10%), Өзбекстанға (+10%) және Түрікменстанға (+25%) көлемі өскен.

Жыл басынан бері Қазақстан аумағы арқылы ҚХР- Еуропаға транзиттік контейнерлік тасымал көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1,6 есеге, Еуропадан-Қытайға екі есеге өскен. Негізгі контейнерлік пойыздар Ченду- Достық –Лодзь бағдарына жиі қатынай бастады.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ мәліметіне қарағанда, тасымалдау көлемінің артуына өндіріс тиімділігін көтерудің кешенді шаралары жүзеге асырылуынан болып отыр. Оның ішінде өндірістік үдерістерді оңтайландыру, вагон паркін тиімді бөлу, вагондардың айналымын азайту, мүдделі құрылымдардың жұмысын бірлескен түрде үйлестіру жүзеге асырылды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта
Конкурс Детская улыбка