Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

АО «НК «ҚТЖ» ҰК» АҚ жыл басынан бері көмір тасымалын 16 пайызға арттырды

Жыл басынан бері «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ 83,4 миллион тонна көмір тасымалдады. Қазақстандық тұтынушыларға 56,6 миллион тонна көмір жеткізілсе, яғни өткен жылмен салыстырғанда 16,5 пайызға жоғары көрсеткіш.  Аталмыш көрсеткіш жабық вагондардың мүкәммәл мүлік паркінің өсуінен де көрінеді. Қатты жылу отынын тасымалдау жағдайы туралы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Оралхан Кулаков әңгімеледі.

- «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ көмір тасымалына ерекше мән беріп отыр. Жыл басынан бері ай сайын өңірдегі жүк жөнелтушілер, жүк қабылдаушылар, жергілікті атқарушы органдар, мүдделі министрліктер мен мекемелердің өкілдерінің қатысуымен кездесулер өткізілді.

Ашық пікірталастарда стратегиялық тауарларды жеткізу мәселелері қаралды. ҚР Инвестиция және даму, энергетика, «Самұрық-Энерго» АҚ –мен бірлесіп 2017-2018 жылдары жылу маусымын көмірмен қамтамасыз ету шараларының Жоспары қабылданды. Жергілікті атқарушы органдармен 2017 жылғы төртінші тоқсанның және 2-3 тоқсанында көмір отынының қорын жасақтау мақсатындағы  бюджеттік қаржысын орналастыру жұмыстары атқарылды. Қазіргі таңда әкімшіліктер мен жүк жөнелтушілермен бірлесіп Қазақстанның өңірлеріне уақытында көмір жеткізу мәселесі жалғасуда.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның  Қазақстанның өңірлерін көмірмен қамтамасыз ету үшін жеткілікті вагондары бар. Қазіргі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ында 50 мың жабық вагондар бар. Жыл басынан бері мамыр айынан бастап жабық вагондардың 5970 данасы көмір тасымалдауға тартылды. «Қазтеміртранс» АҚ бір мыңнан астам  жабық вагоны, жыл аяғына дейін мың жабық вагонын пайдалану мерзімі ұзартылды. Бір мың жабық вагонның лизинг мерзімі ұзартылды.  Оның сыртында теміржол әкімшіліктерімен жабық вагондар көмегін  алу келісімі жасалды. Басқа теміржол әкімшіліктерінің 1200 жабық вагоны пайдаланылды.

- Көмір тасымалдауға тәулігіне қанша вагон тартылады?

- Жүк жөнелтушілердің сұранысына орай тәулігіне 5000 жабық вагон беріледі. Олардың 40 пайызын «Қазтеміртранс» АҚ вагондары құрайды. Атап өтерлігі, көмір отынын тасымалдауды жүк жөнелтушілердің өздері жоспарлайды. Олардың тапсырысымен біз тұрақты үзіліссіз жүк тасымалдауды қамтамасыз етеміз. Тәулік сайын бюджеттік мекемелердің коммунальдық – тұрмыстық мақсаттағы қажеттілігі үшін вагон беріледі.

Биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша барлық жылу орталықтарындағы тәуліктік қоры ҚР энергетика министрлігі қабылдаған нормативтен 1,5 есе артық қоры жасалды. Биылғы жылу беру маусымына тұрмыстық –коммунальдық мақсаттағы көмір тиеу көлемі 4,7 миллион тоннаға жеткізілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28,4 пайызға артқандығы байқалды.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның  көмір тасымалдайтын вагондарды көбейтуге мүмкіндігі бар. Алайда, көмір шығаратын өндіріс орындарының қуаты мен инфрақұрылымдық мүмкіндіктері оған жетпейді.  Мәселен, «Қаражыра ЛТД» ЖШС тәулігіне 25 вагон, «Майкөбе көмір» ЖШС 42 вагон, «Богатыр көмір» ЖШС 49 вагон ғана шығара алады. Бұл әрине көмірмен қамтамасыз ету үдерісіне кедергісін келтіреді.

-  Қазіргі кезде көмір жетіспеушілігі өзекті мәселеге айналды. Оның негізгі себебі неде?

-  Мен мынаны түсіндіргім келеді. Еліміздің өңірлерінде халыққа көмір жеткізумен кәсіпкерлік құрылым айналысады. Олардың көпшілігінде меншігінде вагондары, жеке қоймалары жоқ. Бұл өз кезегінде жылу маусымында қиындық туғызады.

Менің ойымша, мұндай қиындықтардан алдағы жылдары алдын- ала жоспарлап, көмір қорын жасақтауды мамыр айында бастаған дұрыс. Сонда жұмыс қалыпты кестемен жүргізіледі.

Мәселен, қараңыз қазан айында коммунальдық-тұрмыстық көмірді тасымалдау көлемі 393 пайызға көтерілді. Басқаша айтқанда, биылғы жылу беру маусымы дұрыс жоспарламаудың нәтижесін көрсетті. Жергілікті тұрғындар қатты отын жетіспеушілігінің зардабын тартты. Мәселен, қазан айында «Шұбаркөл көмір» АҚ Астана қаласына 12489 тонна көмір 181 вагон көмір жіберуді жоспарлады. Алайда, дау-дамайдан соң, жоспарға өзгеріс енгізілді. Іс жүзінде 376 вагонға тиелген 25758 тонна көмір жеткізілді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы жүк жөнелтушілермен жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен бірнеше қайтара кездесіп, әкімдіктерге жоспарларын ертерек айту туралы өтініш те жасалды. Бұл өз кезегінде өңірлерге қажетті көмір қорын жасақтау үшін және көмір жөнелтушілердің мүмкіндігін белгілеп, жоспарлау үшін де қажет.

Қазіргі кезде коммунальдық-тұрмыстық көмірді күнбе-күн  тасымалдау мәселесі Мемлекет басшысы мен Үкіметтің тұрақты бақылауында тұр.

 

 «Қазақстан темір жолы»ҰК» АҚ баспасөз қызметі






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта
Конкурс Детская улыбка