Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Астанадағы «TransKazakhstan/Translogistica 2017» халықаралық көрмесіне әлемнің 80-нен астам ірі көлік компаниялары қатысуда.

 

1-3 қарашада Астанада «Көлік және логистика -«TransKazakhstan/Translogistica 2017» 21-ші қазақстандық халықаралық көрмесі өткізілуде.

Халықаралық көрмеге алыс-жақын шетелден әлемнің 80-нен астам ірі көлік компанияларының өкілдері қатысуда.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Логистика жөніндегі вице-президенті Санжар Елубаев шараның орталық-азия өңіріндегі көліктік- логистикалық қызметке қатысушылардың серіктестіктің жаңа бағдарлары мен болашағы жөнінде пікір алысатын маңызды алаңы болғандығын атап өтті.

С. Елубаевтың айтуынша «шараның тартымдылығы сонда, мұнда шетелдік серіктестермен іскерлік қарым-қатынас бағыттарын белгілеп, еуразиялық кеңістікте сауда-экономикалық бірлескен жобалар бойынша байланыстарды дамытуға мүмкіндік ашылады».

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен Жаңа Жібек жолы ауқымды жобасы жүзеге асырылуда»,-дей келіп С. Елубаев Қазақстанның Орта Азия өңіріндегі ірі іскерлік және транзиттік хаб құруының қорытындысына тоқталды. Жылма-жыл Қытай –Еуропа бағдарындағы транзиттік контейнерлік тасымал көлемі тасқындай түсуде. Транскаспий, Иран бағдарындағы трансқұрлықтық дәліз, Парсы шығанағы елдеріне шығатын бағдарлары серпінді дамуда.

Қазіргі таңда Қазақстан көліктік-логистикалық қызмет нарығына қолайлы жағдайлар жасады. Негізгі жүк ағындары шоғырланатын өңірлерде ірі теміржол, автокөлік, теңіз және логистикалық инфрақұрылымдары, ішкі және сыртқы көліктік- логистикалық орталықтары жасақталуда.

Халықаралық көрмедегі «ҚТЖ» ҰК» АҚ алаңында Қазақстанның көлік-логистикалық және логистикалық блогының: «KTZ Express» АҚ, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА, «KTZE-Khorgos Gateway» компанияларының мүмкіндіктері көрсетілді.

Көрмеде барлық салалық шешімдер: бағдарламалық қамтамасыз етудегі көлік-логистикалық қызмет көрсетудің толық кешені ұсынылды.

Көрме аясында «Жаңа Еуразия:Еуразиялық трансқұрылықтық бағдардағы көлік-логистикалық жүйені дамыту» халықаралық конференциясы өткізілді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

  






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта
Конкурс Детская улыбка