Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Теміржолшылардың салалық кәсіподағы машинистерді заңсыз медициналық шектеуден құтқарды

 

ҚР Денсаулық министрінің №379 бұйрығымен еңбек келісімін жасау кезінде ауыр және аса қауіпті салалардың қатарына машинистер туралы да өзгерістер мен толықтырулар енгізілген еді. Өзгерістер мен толықтырулар «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ локомотив бригадалары еңбеккерлері мен салалық кәсіподақ корпоративтік омбудсменмен бірлесіп жасалды.

Ендігі жерде, осы өзгерістерге байланысты локомотив басқаруға 1 дәрежелі гипертониясы бар машинистер тиімді емделуден өткен соң жіберіледі. Ал, 2-3-ші дәрежелі артериялық гипертониясы бар еңбеккерлер жылжымалы құрамды жүргізуге жіберілмейді. Дегенмен, гипертониясы бар науқас жандарды жалғыз емес, қасында көмекшісі болса, жүрдек жолаушылар пойыздарын басқаруға жіберуге болады.

«Бұл бұйрықты қайта қарау мәселесі көптен бері туындаған болатын. Машинистер 35-40 жасында нағыз тәжірибе жинаған кезінде, денсаулығына байланысты локомотив жүргізуге жіберілмей қалады. ҚР Денсаулық министрінің бұйрығына байланысты көптеген машинистер қызметінен айрылды. Ендігі жерде олардың қатары азаяды»,-дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ атқарушы директоры Әйтім Құрақбаев.

Дәрігерлік сарапшылар комиссиясының төрайымы, өндірістік дәрігер Күлән Ережепованың айтуынша, «артериялық гипертониясы бар машинистер өздерінің кәсіби міндеттерін базалық терапиядан өтіп, дәрігердің тұрақты қарауында болса, атқара алады. Қазіргі медицинада 1 -дәрежелі гипертониясы бар науқастар қозғалыс қауіпсіздігін сақтап, көлік жүргізе алатындығы белгілі».

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ өңірлірдегі филиалдарының барлығында ҚР Денсаулық министрінің бұйрығына қатысты машинистерді пойыз қозғалысына қатыстыру туралы өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты түсіндірілуде.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта
Конкурс Детская улыбка