Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Категориялық топтардың «Жедел жеңістері»

«Сатып алуды категориялық басқару» жобасы Қазақстан темір жолына 260 млн. тенге көлемінде жинақ әкелді.

Қаржылық табыстар категориялық сатып алу стратегиясын іске асыру арқылы авиациялық отынды сатып алу тәсілдерін өзгерту нәтижесі болып табылады. «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы», «Airport Management Group» ЖШС жұмысшыларынан, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Сатып алуды үйлестіру және мониторингілеу департаментінің, «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Бизнесті трансформациялау орталығы» филиалы қызметкерлерінен және халықаралық кеңесшілерден құралған, Жобаның демеушісі - компанияның Корпоративтік қамсыздандыру жөніндегі Вице-президенті Е. Имашев жетекшілігімен бастаған топ, категория бойынша ішкі және сыртқы ортаға талдау жүргізді, ол нәтижесінде категория бойынша шығындарды оңтайландыру үшін құралдарды анықтауға мүмкіндік берді. Мұндай тетіктердің бірі сатып алу үлгісінің өзгеруі болды, бұл «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-ға делдалдардың қатысуын қоспағанда, реактивті отынды тікелей ресурс ұстаушылардан сатып алуға мүмкіндік берді.

«Біздің топ жемісті жұмыс жүргізді және жасалған стратегияның арқасында алғашқы физикалық нәтижелерге қол жеткізді», - дейді «AMG» ЖШС Сатып алу жөніндегі басқарушы директоры - «Реактивті отын» категориялық сатып алу тобының басшысы Дәулет Матмұратов.

«Сатып алуды категориялық басқару» жобасы акционерлік капитал құнын арттырудың стратегиялық мақсатына қол жеткізуге бағытталған және келесі міндеттерге негізделген: кірістерді ұлғайту, шығындарды төмендету, айналым капиталын қорлар тұрғысынан оңтайландыру және пилоттық жоба ретінде - Батыс өңіріндегі логистикалық инфрақұрылым тұрғысынан тұрақты капиталды оңтайландыру.





«Тұтастай алғанда, 17 сатып алу категориялық стратегияларын іске асыруда «Қазақстан темір жолы» компаниялар тобының үздік мамандары жұмылдырылды. Бүгінгі таңда топ 11 сатып алу категорриялық стратегияларын әзірледі және бекітті. Біз тұтастай компания бойынша стратегиялармен көзделген кешенді жұмыстардың арқасында шығындарды оңтайландырудан экономикалық әсерге жету сияқты биік мақсаттар қойып отырмыз», - деп бөлісті ҚТЖ» ҰК» АҚ «Бизнесті трансформациялау орталығы» филиалы «Тізбекті жеткізуді басқару» бағытының жетекшісі Гульнара Аманбаева.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бизнесті трансформациялау бағдарламасының тобы

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта