Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Қазақстанда пойыз қозғалысы жылдамдады

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жол жөндеу бөлімшелері 270 шақырымдық теміржолда күрделі жөндеуді жүзеге асырды.

«240 шақырымда рельстердің жолтабандары түгелдей ауыстырылды. 70 шақырымға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 7,5 мың шақырымдық магистральдық желі бойында ауыр жол машиналарымен рельс түзету, жөндеу, топырақ қабатын қайта жаңғырту жұмыстары атқарылды»,- дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Магистральдық желі дирекциясының Жол және имараттар департаментінің директоры Аманқос Баймағамбетов.

Магистральдық желінің дер кезінде жөндеуден өткізілуі нәтижесінде жолаушылар пойызы 104 шақырымдық жол телімінде, «Тұлпар- Тальго» пойыздары 76 шақырымдық жол телімінде, контейнерлік пойыздар 43 шақырымда, жүк қозғалысы республикалық темір жолдарында 86 шақырымдық желіде қозғалыс жылдамдығын бұрынғыдан да өсер алады.

Қазіргі таңда магистральдық желідегі теміржол нысандарын қалыпты ұстау мен пайдалану жұмыстарын жақсарту шаралары белгіленген кестеге орай жалғасуда. Жоспарлы тапсырманы  уақытында орындау межеленіп отыр.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта