Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Қар көшкіні жүруі мүмкін Огневка-Серебрянка темір жол телімінде қорғау шаралары жүргізілуде

 

Шығыс Қазақстан жол бөлімшесінің Огневка- Серебрянка темір жол телімі тау іргесінде орналасқандықтан, қыс айларында қар көшкіні жүруі ықтимал қауіпті тұс саналады.

«Сондықтан қыркүйек айындағы жаңбырдың мол түсуіне сәйкес, Огневка- Серебрянка телімінде таудың қойтастары жиналды. Бұл 72 шақырымдағы №3 бекет. Мұнда кәсіпорын еңбеккерлері 20 текше метр тастарды таудан түсірді. Серебрянск жол дистанциясында жылына екі рет көктемде және күзде тастарды жинау жүзеге асырылады. Оның сыртында, таудан тас жинайтын арнайы альпинистер бригадасы тау беткейлеріне шығып, қойтастарды төменге түсіреді»,- дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясының филиалы – Серебрянск жол дистанциясының бастығы Фархат Белгібаев.

Пойыз қозғалысына аса қауіп төндіргендіктен жергілікті теміржолшылар жылжымалы құрамның тоқтаусыз жүруіне қатты назар аударуда. Қазіргі таңда тау тастарын жинаушы альпинистердің бригадасы 120 текше метр тастарды жинады.

«Теміржолшылар магистральдық желідегі техникалық қызмет атқаруға барынша қатты көңіл бөледі. Тау шыңдары мен көшкін жүруі мүмкін жол бойы жауын-шашынды күндері тұрақты бақылауда болады»,-дейді Ф. Белгібаев.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта