Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Маңғышлақ станциясында жылжымалы құрамның апатты жағдайының алды алынды

 

Маңғышлақ станциясында вагон қараушы Берік Дүйсембаев пойызды техникалық тексеру кезінде пойыз қозғалысына аса қауіп келтіретін жылжымалы құрамның жолдан шығып кетуіне себеп болатын  ақауды анықтады.

Теміржолшылардың хабарлауынша, тіркемесінің бүйір жақтаушасында жарықшақ пайда болған вагон жедел түрде, жылжымалы құрамнан  ажыратылып,  жөндеуге қойылды.

Маңғыстау вагон пайдалану депосының бастығы Сәрсенбай Есенқұловтың айтуынша, вагон қараушы Б. Дүйсембаев өзінің міндетін үлкен жауапкершілікпен атқарады.

С. Есенқұлов Б. Дүйсембаевтың вагон қараушы болып он жылдан бері қызмет етіп келе жатқандығын айтады. Бұл оның вагон ақауын тауып анықтап отырғаны бірінші рет емес. Вагон қараушы теміржол қауіпсіздігін сақтау Қоры сыйлығының лауреаты болып табылады.

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта