Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Қанат Алпысбаев: «Еуропа-Азия ықпалдасқан көлік дәлізін құру өңір елдерінің көлік саясаты әлеуетін біріктіреді»

 

8- қыркүйекте «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев Одессадағы «Еуропа-Азия көлік дәлізін ықпалдастыру» атты 2-ші халықаралық конференцияға қатысып, сөз сөйледі.

Конференцияда қазіргі қолданыстағы құрлықтық, теңіз және әуе тасымалы логистикасын жетілдіру, еуразиялық кеңістіктегі көлік бастамашылықтарын өзара ынтымақтастықпен жүзеге асыру, Еуропа-Азия ықпалдасқан көлік дәлізін дамыту жайы қаралды.

Талқыға түскен салалардағы Қазақстанның қатысы мен мүддесі туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев баяндады. Ол «еуразиялық құрлықтағы экономикалық дәліздер мен көлік жолдарын жасақтау - аса қажетті уақыт талабынан туындап отырған құбылыс» дей келіп Еуразия құрлығында тоғыз жолдың торабына орналасқан Қазақстанның көлік-логистикалық мүмкіндіктеріне тоқталды.

«Қазақстанда ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру барысында Еуразиялық көлік дәлізінің жаңа архитектуралық нобайы жасақталды»,-деп атап өтті Қ. Алпысбаев.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Азия-Еуропа бағдарындағы трансқұрлықтық транзиттік тасымалдауды белсенді дамытуда. Қазіргі таңда Ляньюньган портында қазақстан-қытай терминалы жұмыс істейді. Жаңа теміржолдар салынды. Қазақстан-қытай шекарасында Құрғақ порт пайдалануға берілді. Каспий жағалауында Ақтау, Құрық порттары дамып келеді. «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА табысты қызмет етуде. Компанияның бастамашылығымен ТХКБ Үйлестіру комитеті жасақталды.

«Азиядан Еуропаға жүк тасымалдаудың бірқатар варианттары мен қосымша мүмкіндіктері қарастырылып, оның ішінде Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Грузия, Түркия, Украинаға шығады»,-деп атап өтті Қ. Алпысбаев.

«Қазіргі таңда негізінен Қытай-Еуропа- Қытай бағдарындағы контейнерлік жүк ағынын Қазақстан тарабы жылжымалы құраммен толық қамтамасыз етіп келеді»,-дей келіп Қ. Алпысбаев «Қытай-Қазақстан –Кавказ –Түркия және Шығыс Еуропа бағдарындағы әлеуеті 2020 жылдарға дейін 300 мың ЖФЭ контейнер тасымалдауға жететіндігін мәлімдеді».

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысының пікірінше, «ТХКБ бағдарын әрі қарай дамыту үшін көлік дәлізіндегі қатысушы елдерге фитингілік платформаларды жасақтап, бизнес үдерістерді синхрондау, ИТ платформаларды бірыңғайландыру, әкімшілік және кедендік кедергілерді азайту, кері қарайғы бағдарларды да жүкпен қамтамасыз ету қажет».

«Контейнерлік пойыздарды технологиялық ұйымдастыру шарттарын келісу, жол жүру мерзімін барынша қысқарту, тасымалдау бағасын оңтайландыру, Каспий және Қара теңіз арқылы Қытай- Қазақстан- Әзірбайжан- Грузия- Еуропа бағдарындағы бақылау үдерістерінде жеңілдікті мүмкіндігін жасау, баламалы негіздегі бәсекелестікті табысты жүргізу қарастырылады»,-деп атап өтті Қ. Алпысбаев.

«ТХКБ» ХҚ» БЗМ конференциясы аясында отырысы өткізілді.

Халықаралық шара барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы «Украина темір жолдары» АҚ басқармасының төрағасы міндетін атқарушы Е. Кравцовпен және Украина Инфрақұрылым министрі В. Омелянмен кездесіп, көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады.

Конференция қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданды. Ол мәлімдемеде конференцияға қатысушы мемлекеттердің экономикалық және сауда қатынастары әлеуетін бірлесіп пайдаланып, Еуразия кеңістігіндегі көліктік бастамашылықтар мен болашағы зор жобаларды жүзеге асыру көзделеді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта
Конкурс Детская улыбка