Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

ҚазККА көлік саласына 15 мамандық бойынша кадр даярлайды

М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы жаңа оқу жылы ашылу салтанатын өткізді. Онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ Корпоративтік қамтамасыз ету жөніндегі вице-президенті Эрик Имашев сөз сөйледі.

«Компания мемлекеттік саясатқа байланысты әлемдік үздік практиканы пайдаланып, көлік саласына қажетті кадрлерді оқытудың және дайындаудың корпоративтік жүйесін жасаған»,-дейді Э. Имашев. Ол сонымен қатар ҚазККА-ның «ҚТЖ» ҰК» АҚ кадрын даярлауға үлкен үлес қосып отырғандығын айрықша  атап өтті. 

Академияда биылғы оқу жылында мыңнан астам студент 15 мамандық бойынша бакалавриатты бітіріп, олардың 400-і «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдарына қызметке орналасты.

«Компанияда жастар саясаты туралы корпоративтік бағдарлама жүзеге асырылуда. Сол арқылы олардың кәсіби біліктілігін жетілдіру, лауазымдық қызметке өсуі, сонымен қатар әлеуметтік қорғалуы қамтамасыз етіледі»,-дейді Э. Имашев. Ол сондай-ақ, Қазақстанның көлік-логистикалық кешенін дамытуда жастардың негізгі қозғаушы күш болатындығына сенім білдірді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті ҚазККА бірқатар оқытушылар құрамына ұзақ жылдарғы жемісті ағартушылық қызметтері үшін «Құрметті теміржолшы» және «Адал еңбегі үшін» кеуде белгілерін, Құрмет грамоталарын  табыс етті.

Академия табалдырығын биылғы жаңа оқу жылына мыңға жуық студенттер аттаса, олардың қатарында «Алтын белгі»  иегерлері, оқу озаттары, халықаралық және республикалық олимпиаданың жеңімпаздары да бар. Еліміздің барлық өңірлерінен академия грантына 305 студент ие болды.

Мерекелік шара соңынан қатысушылар назарына Көлік және коммуникациялар академиясы ие болып отырған Мұхамеджан Тынышбаевтың өмірі мен теміржолға сіңірген еңбегі туралы  деректі фильм көрсетілді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта