Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Мәскеуде ҚТЖ мен РТЖ әкімшілігі еуразиялық нарықта теміржол көлігімен тасымалдауда бәсекелестікті көтеруге келісті

29-30 тамызда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев бастаған делегация  «Теміржол көлігі машинасын жасау, болашағы, технологиясы, басымдықтары» тақырыбындағы  10-шы халықаралық конференциясына қатысты.

Форум барысында ҚР мен РФ теміржол әкімшіліктерінің басшылары Қ. Алпысбаев пен О. Белозеров кездесті.

Тараптар «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «РТЖ» ААҚ арасындағы ынтымақтастықтың жоғары қарқынмен дамып келе жатқандығын атап өтті. Оның ішінде халықаралық бағдардағы жүк және жолаушылар тасымалының көлемі, сапасы, тиімділігі артып келеді.

Кездесу барысында көліктік-логистикалық саладағы жобаларды тиімді жүзеге асыру, ҚР мен РФ аумағымен жүк  ағынын өсіре түсу, оған барынша қолайлы жағдай туғызу барысы талданды. Кездесу соңынан «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «РТЖ» ААҚ арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды.

Ол маңызды құжатта теміржол көлігіндегі бәсекелестікті қолдау, екі ел арасындағы көлік саласындағы өзара ықпалдастықты дамыту көзделген. Келісімді жүзеге асыру барысында жаңа көліктік-логистикалық қызмет аясы кеңейеді. Мемлекетаралық бағдардағы жолаушылар және жүк тасымалдау көлемі артады. Қос тарапқа да қолайлы өткізу тарифтері қолданылады.

Форум аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы «Coalco Development» ААҚ Бақылаушылар кеңесінің төрағасы В. Анисимовпен «Трансмашхолдинг» ЖАҚ Бас директоры К. Липамен кездесулер өткізді.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызмет

  

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта
Конкурс Детская улыбка