Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Теміржол саласында персоналды сертификаттау орталығы ашылды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалының «Темір жол көлігіндегі персоналды бағалау және дамыту орталығы» негізінде персоналды сертификаттау орталығы ашылды.

Бұл Елбасының персоналдың квалификациясын растау бойынша тәуелсіз жүйе құру тапсырмасының жүзеге асыру аясында орындалған жұмыстардың қорытындысы.

Филиал қызметкерлері арнайы оқудан өтіп, эксперт-аудитор дәрежесін алды. ISO стандарттары бойынша нормативтік құжаттама қабылданды.

Ағымдағы жылдың шілде айында филиал теміржол көлігінде қызмет атқаратын персоналдың квалификациясын растайтын мамандарды сертификаттау орталықтарының Реестріне кірді.

М.Тынышпаев атындағы ҚазККА-ның Ақмолалық колледжнің түлектірінің электровоз машинисінің көмекші квалификациясын растайтын пилоттық сертификаттау рәсімі өткізілді.

Бағалау тәртіптерінің қорытындысы бойынша үш колледж түлектері  емтиханнан сәтті өтіп, өз квалификацияларын дәлелдеді. Бұл сертификаттар үш жылға есептелген.

«Сертификатты алғашқылардың қатарында алып жатқанымызға қуаныштымыз. Екінші курстан бастап дуальді жүйе бойынша оқығанбыз, көп сабақтар теміржол ұйымдарында өткізілетін, яғни кәсіптік дайындықтан алдын ала өтуге мүмкіндік берді», -  деп ҚазККА колледжнің түлегі Ерболат Мусали ойымен бөлісті.

«Персоналды сертификаттау, ең алдымен,кәсіпқойлық білім жүйесін ынталандыру мен сапалы кадрларды дайындауға бағытталған.  Алдағы уақытта ТжКБ оқу орындарының түлектері теміржол саласында ерікте түрде сертификациядан өте алады», - деп «Темір жол көлігіндегі персоналды бағалау және дамыту орталығының» директоры Марал Марасилов атап өтті.

 

«Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта
Конкурс Детская улыбка