Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«Нұрлы жол» вокзалы алғашқы миллионыншы жолаушысына қызмет көрсетті

Алғашқы миллионыншы жолаушыны жаңа теміржол «Нұрлы жол» вокзалында салтанатты түрде қарсалды.

 «Астана-Нұрлы жол-Атырау» пойызымен Астанаға келген Атырау қаласының тұрғыны Жүсупбек Шурин алғашқы миллиондықты ашты.

Теміржол вокзалының басшылығы мерейтойлық жолаушыны және оның отбасын арнайы вокзалдың суреті бейнелеген тортпен, сертификат және гүлмен қарсалды.

 «Бұлай қарсалады деп ойламаппын. Өте қуаныштымын. Жұбайым Гүлсара екеумізде бұрын теміржолда қызмет атқарғанбыз.  Қазір лайықты демалыстамыз. 29 жыл бойы локомотив айдағанмын. Қызымыздың тойына келе жатқан едік», - деп айтты Ж.Шурин.

 «Нұрлы жол» теміржол вокзалының директоры Д.Кусаиновтың айтуы бойынша, бұл дәстур ары қарай вокзалда жалғастырылады.

 «Вокзал ЭКСПО қарсанында жұмыс істей бастады. Алғашқы миллионыншы жолаушы біз үшін зор оқиға. Еліміздің ең үлкен вокзалына барлық көңіл аударылуда, сондықтан жауапкершілікте жоғары деңгейде болу керек», - деп Д.Қусаинов атап өтті.

 «Нұрлы жол» вокзалы 1 маусымда ашылғалы бері 2,3 астам жолаушы пойыздарды қабылдап, жіберді.

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта