Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Саз теміржол станциясына су келді

Алматы жол бөлімшесінің Саз станциясының тұрғындары мен қызметкерлердің үйлері сапалы ауыз су келді.

Жаңа сумен жабдықтау жүйесі «Мөлдір бұлақ» салалық бағдарлама аясында іске қосылды.

Бұрын бұл станцияның тұрғындары ауыз суды көршілес елді мекеннен әкелетін.  Өткен ғасырдың 60-шы жылдары салынған су жабдықтау объектілері жөндеу жұмыстарын талап еткен.

 «Санитарлық күзет болмаған, су құбыры соңғы он жыл бойы пайдаланылмаған», - деп «Теміржолсу» АҚ басшысы Қ,Есімханов айтады.

Саз станциясында сумен жабдықтау жүйесін жетілдіру бойынша кең ауқымды жұмыстар «Теміржолсу-Алматы» көмегімен іске асырылды.

Жаңа 50 метрлік ұңғыма, су айдауыш мұнара мен суды тазартатын және фильтрлейтін жабдық орнатылды.

Бұл сумен жабдықтау жүйесі автоматты түрде істейді.

Айта кететін жайт, «Теміржолсу» АҚ «Мөлдір бұлақ» салалық бағдарламасы аясында 432 теміржол станциялары мен республика бөлімшелірінң 728 сумен жабдықтау объектілері реконструкциядан өтті.

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта
Конкурс Детская улыбка