Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Теміржолдағы бөлінген алап оттан қорғалады

 

11 мың гектарға жуық теміржол теліміне қарасты жерді жырту жұмыстары жүргізілді.

Ені бес метрге дейін жететін трактормен бөлінген алап оттан сақтайтын шаралардың бірі.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ екпе ағаштарды қорғайтын дистанциясының қызметкерлері сонымен қоса бөлінген алап аумағын құрғақ шөп пен ағашты-бұталы қиықтардан тазалайды.

«Жаз мезгіліндегі ыстық ауа-райына байланысты біз күшейтілген кестемен жұмыс істейміз. Бұл теміржол мен пойыз қозғалысына кедергі келтіретін жайттарды болдырмау мен өрт қауіпсіздігін сақтауға орай жасаланады», - деп «ҚТЖ» ҰК» АҚ жол диагностика орталығының екпе ағаштарды қорғау бөлімінің басшысы З.Керімбаев атап өтті.

Жол бойында өрт салдарының туындайтын себебі - ауыл тұрғындарының қурап қалған ағаштарды бақылаусыз өрттеу мен қатар отты абайсыз қолдану.

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта