Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мақсаты – ғаламдық көлік логистикалық нарығына шығу

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да теміржолшылардың төл мерекесі – Көлік қызметкерлері күні салтанатты түрде аталып өтілді.

Мерекелік шараға ҚР Премьер- Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин қатысты.

Компания қызметкерлерін  кәсіби мерекемен құттықтап, А.Мамин «көлік саласы – ұлттық экономиканың дамуынын флагманы» деп атап өтті.

«Елбасының стратегиялық бағдарламаларының арқасында, сонымен қатар «Қазақстан темір жолы» негізінде  көлік-логистикалық холдингтің дамуымен бірге, қазіргі жоғары бәсекелестік кезде Компания трансконтинентальдік тасымалдың әлемдік нарығында белсенді ойыншысы болып табылады», - өз сөзінде ҚР Премьер- Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин ерекше көңіл аударды.

Биыл Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылғанына 20 жыл толып отыр.  

Екі онжылдықта теміржол саласында магистральдық желі жаңғыртылды. Жылжымалы құрамдар жаңарды. Жаңадан  теміржол көлігі машинасын жасау саласы құрылды. Жүрдек жолаушылар пойызы қозғалысы бағдарламасы орындалды. Еліміздің транзиттік және экспорттық әлеуеті жақсарды.

Бүгінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ барлық көлік түрлері инфрақұрылымы қызметін біріктіретін ірі көліктік-логистикалық оператор болып табылады.

Компания Қазақстанның іскерлік және логистикалық хабы қалыптасуына, Ұлы Жібек жолының қайта жаңғыруына бағытталған транзиттік әлеуетін дамытуда стратегиялық тапсырмаларды табысты атқарып келеді.

Қазақстан аумағымен халықаралық бағдарларға көлік ағындарын тарту мақсатында жедел контейнерлік пойыздар қызметі, Бірлескен көлік логистикалық (БКЛК) компаниясы, Көліктік-логистикалық орталықтар желісі жасақталуда.

«Соңғы үш жылға жетер жетпес мерзімде Жезқазған-Бейнеу мен Арқалық-Шұбаркөл жаңа теміржол желілерімен 30,1 миллион тонна жүк өткізілді. Пайдалануға алты ай бұрын берілген Құрық портының бірінше кезеңінің өзінде 543 мың тонна жүк өткізілді»,-дейді Қ. Алпысбаев.

Компанияда «Сандық теміржол» жобасымен заманауи басқару тәсілдері мен инновациялық шешімдер өндіріске енгізіліп, жүзеге асырыла бастады.

Биылғы жылдың басты оқиғасының бірі – Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылу  қарсаңында заманауи «Нұрлы жол» вокзал кешені мен халықаралық әуежайда жолаушылар терминалы пайдалануға берілді.

Компания жолаушылар тасымалдау саласына басымдық беріп отыр.

«Біз соңғы бес жылда Қазақстанның барлық ірі қалаларын жүрдек жолаушылар тасымалдау бағдары желісімен жалғадық. Өткен жылдың соңынан бастап қолданыстағы жылжымалы құрамдар «Тұлпар-Тальгоның» жаңа үлгідегі кең шанақты вагондарымен алмастырылуда»,-деп атап өтті «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы.

Қ. Алпысбаев осы тапсырмаларды орындаудағы теміржолшылардың жанқиярлық еңбектерін ерекше атап өтті.

Салтанатты шара соңында Компаниядағы еңбегімен ерекшеленген бір топ үздіктер марапатталды. Бұл күні Республика бойынша саланың 800 саңлақтары  құрметке бөленді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

 

 

   






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта
Конкурс Детская улыбка