Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«Жәрдем» жолға шығар күн жақын

«Денсаулық» медициналық поезы еліміздің шығыс және орталық өңірін аралап қайтқан болса, «Жәрдем» емдеу-сауықтыру поезы құрамы бүгін Астанада тұсаукесер рәсімін өткізді. Поез Алматы вагон жөндеу зауыты Ресей темір жолының тәжірибесі негізінде «доңғалақты емхана» жобасы секілді қызметті атқаратын етіп жасалды.  

Астана вокзалындағы поездың тұсаукесер рәсіміне ҚР Премьер министрі Кәрім Мәсімов, Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова, Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин қатысты.

Поезды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі бірлесіп жасақтады.

«Жәрдем» медициналық поезының дәрігерлері шалғай станциядағы теміржолшылар ғана емес жергілікті тұрғындарды да қолжетімді  медициналық қызметпен қамтиды. Жылжымалы құрамда төрт вагонның екеуі медициналық, бірі дизел-генератор, бірі купе вагоны. Жергілікті тұрғындар терапевт, кардиолог, хирург, лор, гинеколог, окулист дәрігерлерлерге қаралып, зертхана мамандарынан кеңес алады. 

Поездың штаттық құрамын ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі «Медициналық апат жағдайындағы темір жол емханасы» акционерлік қоғамы мамандары жасақтады.

Қазақстанның оңтүстік өңіріне жіберілетін арнайы поез 2011 жылдың 17 қаңтарында Алматыдан аттанады.

ҚР Премьер министрінің тапсырмасы бойынша темір жол әкімшілігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі 2011 жылы ақпанда Астанадан шығатын төртінші емдеу сауықтыру поезын жіберуге дайындықты бастап кетті.

«Доңғалақты емхана» жобасы медициналық қызметкерлердің аяғы жете бермейтін алыс түкпірлердегі жол айырықтарын да қамтиды.

Алдыңғы екі сапарда «Денсаулық» медициналық поезы 24 мың жергілікті тұрғынды қамтыды. Олардың әрқайсысы шамамен үш дәрігерге қаралып, жалпы көлемі дәрігерлер 73 мың қабылдау өткізген екен. Сонымен қатар жергілікті тұрғындарға 450 –ге жуық шағын оташылық қызмет түрлері, жедел жағдайлар жәрдемі  көрсетілді.

«Денсаулық» емдеу  сауықтыру поезының  атқарған миссиясы Елбасы қол қойған Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға дейінгі «Саламатты Қазақстан» Бағдарламасының маңыздылығына жауап береді.

«Денсаулық» поезы қазақстандық қоғамның тарапынан зор бағаға ие болуда. Соның нәтижесінде «Денсаулық» емдеу сауықтыру поезы 2010 жылғы ҚР Ұлттық сыйлығы «Қазақстан таңдауы №1» әлеуметтік жауапкершілік аталымының жеңімпазы атанды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі, желтоқсанның 14-і 2010 жыл






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта