Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«ҚТЖ» ҰК» АҚ топ-менеджерлері қауіпсіздікті басқару курсынан өтті

Компания мен еншілес компаниялардың топ менеджерлері қауіпсіздікті басқару тренингіне қатысты. Басшыларды оқыту жайы «ҚТЖ- өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басқару жаңа моделін өндіріске енгізу» бизнесті трансформациялау бағдарламасы басымдықты жобасы аясында өткізілді.

 «Бұл тренингтің құндылығы сонда өндірістегі қауіпсіздіктің сақталуына топ менеджерлер тарапынан басты қадағалау қажеттігіне назар аударту»,-дейді Жоба демеушісі – Өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің директоры Ақболат Жағыпаров.

Тренингке қатысушыларға «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетінің өнеркәсіп қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласының бизнес бапкерлері сабақ берді.

Тренингте «Самұрық- Қазына» АҚ компаниялары тобындағы кәсіпорындарда өндірістік қауіпсіздікті басқарудың моделі және әлемдік үздік тәжірибелер ұсынылды. Бизнес бапкерлер оны жүзеге асыру барысында тиімді шешімдер қабылдауының маңыздылығына назар аударды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ президенті Нұрдәулет Қилыбайдың айтуынша, «қауіпсіздік жолаушылар тасымалында негізгі фактор болып саналады. Сондықтан компания топ менеджерлері өзінің білімі мен тәжірибесін пайдалана отырып, еңбеккерлерге осы саладағы міндеттерді белгілеуі керек».

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасы аясында Компания мен еншілес кәсіпорындарында өндірістік қауіпсіздікті басқару әрі қарай жалғасады. Бұл модель «ҚТЖ» ҰК» АҚ жоспарлау, мониторингілік бақылаудың бірыңғай тәртіптерімен жүзеге асырылады. Ол өз кезегінде қауіпсіздік мәдениетін көтеріп, басқарудың ықпалдасқан құрылымы, өндірістік үдерісті автоматтандыру арқылы алға басады. Барлық деңгейдегі еңбеккерлерді тарта отырып, қауіпсіздік мәдениетін көтеру көзделеді.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта
Конкурс Детская улыбка