Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

ҚТЖ жолаушылар шаруашылығының 1500-ден астам мамандары біліктілігін жетілдіреді

Жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында пойыз бригадалары мен билет кассаларының 200-ден астам қызметкері біліктілігін көтерді. Оқу бағдарламасы жолаушыларға қызмет көрсету сапасы стандартын көтеру, тапсырыс берушілердің ыңғайына бейімделу, қарым- қатынас этикасы, жолаушылармен сөйлесе білу мәдениеті, түрлі даулы жағдайларды келісіммен шешу жайларын қарастырды.

«Біліктілігін көтеру тренингіне жолсеріктер, менеджерлер мен жолаушыларға қызмет көрсетуші супервайзерлер, билет кассирлері тартылды» ,-дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ атқарушы директоры А. Әбутәліпова.

Тренингілік сабақ бағдарламалары екі күннен жеті күнге дейін созылады. Пойыз бригадалары биылғы жылдың 25 мамырынан  оқуларын бастаса, билет кассирлері 22 маусымнан жыл аяғына дейін жалғастырады.

Атап өтерлігі, «ҚТЖ» ҰК» АҚ жолаушылар шаруашылығы қызметкерлерін оқыту «Жолаушылар тасымалы» АҚ, «Air Astana» АҚ жолаушыларға қызмет көрсету мен қызмет көрсету сапасын жетілдіру туралы Келісімі аясында жүзеге асырылуда. 

Арнайы тренингілік сабақтармен Компания жолаушылар шаруашылығының 1500-ден астам қызметкерлері қамтылатын болады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта
Конкурс Детская улыбка