Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Теміржолшылардың екі мыңнан астам балалары жазғы сауықтыру лагерлерінде тынығады

«ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелеріндегі теміржолшылардың екі мыңнан астам балалары Қазақстанның сауықтыру лагерлерінде тынығады. Балалар еліміздегі ең үздік сауықтыру кешенін таңдады. Олардың ішінде:  «Discovery-Borovoe» (Бурабай шипажайы), «Сұңқар» (Зеренді), «Балақай» (ШҚО), «Мерей» (Қостанай), «Мадагаскар» (Алматы), «Болашақ» (Жамбыл), «Энергетик» (Ақтөбе), «Атамекен» (БҚО) бар. Балалар лагердегі екі апта ішінде бес мезгіл тамақтанып, сауықтыру және бос уақыттарын тиімді өткізу бағдарламаларымен қамтылады.   Тәрбиелеушілер тақырыптық әңгімелер, ел өміріндегі теміржол саласының  роліне  қатысты квест-ойындар өткізеді. Әсіресе, теміржол саласындағы қозғалыс қауіпсіздігі мәселесіне баса назар аударылады.   Балаларды лагерге апару және қайтып әкелумен ҚР теміржолшылар кәсіподағы өкілдері, медицина мамандары, Компания қызметкерлері айналысады.

«Балалардың жазғы демалысы Компанияның әлеуметтік саясаты негізінде атқарылады. Ата-аналар балалардың сауықтыру лагеріне баратын жолдамасының жеңілдікті, он пайыздық ақысын ғана төлейді»,-дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару жөніндегі департаменттің директоры Н. Жаппарқұл.

Балалардың жазғы демалысы тамыздың аяғына дейін жалғасады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта
Конкурс Детская улыбка