Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан теміржол басшылары көлік саласындағы ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты

Ташкентте «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев ӨР Премьер-министрінің орынбасары - «Узбекистон темир йуллари» АҚ басқарма төрағасы Ачилбек Раматовпен кездесіп,  теміржол саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға уағдаласты.

Тараптар жеңілдікті тариф саясаты, Транскаспий халықаралық көлік дәлізімен жүк тасымалдау көлемін арттыру, контейнерлік пойыздарды жасақтауды ұйымдастыру,  қазақстандық теміржол көлігі машинасы өнімдерін Өзбекстанға жеткізу жайын талқылады.

Үстіміздегі жылғы алты айда ҚР мен ӨР арасындағы теміржол көлігімен жүк тасымалдау көлемі  7554,4 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 4 % жоғары көрсеткіш.

Биылғы жарты жылдықта Қытайдан Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға 156 контейнерлік пойыз ұйымдастырылды. Өткен жылы осы бағдарда жыл бойы 110 контейнерлік пойыз жасақталған болатын.

Тараптар Өзбекстандық жеміс-жидек, бақшалық дақылдарын Қазақстанға, Ресейге  жеткізу көлемін Орталық Азия сауда үйінің жоспарына сәйкес өсіруді көздеп отыр.

Келіссөз барысында Өзбекстаннан шығатын жүктерді Құрық порты арқылы тасымалдау мәселесі қаралды.

Сондай-ақ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Бакуде  «Әзірбайжан темір жолдары» ЖАҚ төрағасы Джавид Гурбановпен кездесіп, теміржол көлігі машинасын жасау саласындағы ынтымақтастықты дамыту жайын кеңесті. 

2017 жылғы қаңтар- маусым аралығында  ҚР мен ӘР арасындағы жүк тасымалдау көлемі 1046, 3 мың тоннаға жеткізіліп, алдыңғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда  164% артты. Ол жетістік қазақстандық мұнай өндірушілердің өнімдерін Әзірбайжан аумағымен экспортқа шығару арқылы қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ, импорт көлемінің  де артқандығы байқалады.  Импорттық тасымал көлемі 100,5 мың тоннаға жеткізілді. Олар негізінен, ет, химиялық заттар, сода, кондитерлік өнімдер.

Транзиттік тасымал көлемі екі есеге артып - 9,8 мың тоннаны құрады. Бұл өз кезегінде Бразилиядан қантты Өзбекстанға тасымалдап, Украинадан азық-түлік тауарларының Өзбекстанға тасымалдануының артуынан көрініп отыр.

Сонымен қатар, кездесулерде көлік машинасын жасау саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайы қаралды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта