Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Теміржолшылардың 500-ге жуық балалары ЭКСПО-2017- ге келеді

Теміржолшылардың  500-ге жуық балалары жазғы каникул кезінде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін тамашалайтын болады. Алғашқы балалар тобы Семей жол бөлімшесінен келді. Оқушылардың құрамында оқу озаттары мен қалалық, облыстық олимпиадалық байқаулардың жеңімпаздары, сондай-ақ, көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларының балалары бар.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ қарамағындағы 14 теміржол бөлімшелерінің балалары екі күнде Тұңғыш Президент мұражайы, Ұлттық мұражай, «Думан» ойын-сауық орталығын көріп, танысады.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ басшылығы мен кәсіподақ ұйымының бастамашылығымен балаларды ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесімен танысуы тамыздың ортасына дейін жалғасады.

«Астанаға келіп-кету балалардың есінде көпке дейін қалып қояды. Олар өз көздерімен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін көріп, тамашалайды. «Болашақтың энергиясы» тақырыбы бойынша талай қызықты жобаларды көреді. ҚТЖ экспозиясымен танысады»,-дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» кәсіподақ филиалының төрағасы Ермек Төлегенов.

Семейден келген жас туристің бірі Бекжан Рақымжанов сапар барсындағы жүрекжарды лебізімен бөлісті.

«Менің әкем –теміржолшы вагон қараушы. Мен теміржол саласының басшылығына осындай сапарымызды ұйымдастырғанына алғысым шексіз. Астананы, мұндай халықаралық көрмені біз теледидардан көріп, естіп қана жүр едік. Сондай-а «ҚТЖ» ҰК» АҚ мұражайында болу да қызық. Теміржол тарихымен таныстық. Теміржолға еңбек сіңірген адамдар туралы көп мәліметтер білдік»,-дейді Б. Рақымжанов.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта
Конкурс Детская улыбка