Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Екі жүзге жуық жас теміржолшылар ҚТЖ-ның корпоративтік жастар лагерінде болды

 

«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ-ның «Сен болмасаң кім?» корпоративтік жастар лагері Бурабай шипажайында өткізілді. Жылма жылғы шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 35 жасқа дейінгі басқарушылар қатысты. Олар апта бойы басқару саласынан тренингтерге қатысып, білімдерін жетілдірді.

Адами ресурстарды басқару  жөніндегі департаменттің бас менеджері Ақмарал Байғабылованың айтуынша, қатысушылар түрлі тренингтер, спорттық шаралар, логикалық сайыстарға қатысып, біліктіліктерін шыңдап, бәрінен бұрын «Қазақстан темір жолындай» алып ұжымының  бір мүшесі екендігін сезінді. Дәстүрлі бағдарламаның негізі «Сен болмасаң кім?» тренингінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ корпоративтік құндылықтарына негізделген командалық ойындарда өзара бірлесе қызмет етудің арқасында  басқарудың қыр-сырын үйренді.  Мұндай форматтағы шаралар мыңдаған адамнан тұратын теміржолшылар ұжымын бір мақсат жолында одан әрі топтастыра түседі. Жаңа идеялар мен бастамашылықтар қолдау тауып, тығырықтан шығудың шұғыл шешімдерін  бірлесіп ойластырды.

«Компания басшылығына жастарға осындай қамқорлық жасап отырғаны үшін алғысымыз зор. Мұндай шаралар корпоративтік рухымызды көтереді. Қысқа мерзімде ғана көптеген әріптестерімізбен достасып, еліміздің әр өңірінен таныстар аптық. Бір-бірімізден жаңа нәрселерді сұрап білдік»,-дейді Атырау вокзалының кезекшісі Айгүл Хамиева.

Корпоративтік жастар лагеріне шақырылған бизнес бапкер Наталья Бахмутованың айтуынша, мұндай шаралардың басты мақсаты «ҚТЖ» мамандарының, Қазақстанның барлық өңірінен келген жастардың командалық түрде көп мәселені бірлесіп шешуге үйрену болып табылады.

«Компания болашағы жастардың қолында. Сондықтан Компания жастарға зор көңіл бөледі. «ҚТЖ» ҰК» АҚ жас мамандардың кәсіби өсіп жетілуі үшін түрлі оқулар ұйымдастырады. Соның ішінде осы шараның өзі де жас мамандардың кәсіби біліктігілін көтеріп, көптеген мәселені жариялы түрде, топтың талқысына салып шешу керектігін үйренеді»,-дейді А. Байғабылова.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Сен болмасаң кім?» корпоративтік жастар лагерінің VIII сессиясы соңында, байқау жеңімпаздарына медальдар, кубоктер мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта
Конкурс Детская улыбка