Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Стратегиялық инвесторлар тарту Қазақстанның транзиттік көлік әлеуетін жүзеге асыруға серпін береді

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев Астанадағы оныншы экономикалық форумға қатысып, «Самұрық-Қазына» қоры бастамашылығымен жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы және оның ел экономикасындағы рөлі туралы баяндады.

Қ. Алпысбаевтың айтуынша, Үкіметтің жекешелендіру  кешенді жоспарын жүзеге асыруы «ҚТЖ» ҰК» АҚ даму стратегиясының басымдықты бөлігі болып саналады.

«ҚТЖ-ның ірі активтеріне стратегиялық инвесторлар тарту, оның ішінде теміржол көлігі машинасын жасау мен логистикалық активтердің Компаниядағы акциялары үлесін  сату, бұл активтерді жекешелендірудің тиянақты сараптаудан өткен оңтайлы варианттары болып табылады»,- дейді Компания басшысы.

Шетелдік компаниялармен бірлесе отырып, қысқа мерзімде Қазақстан теміржол көлігі машинасын жасау саласын құрды. Локомотив, вагондар, рельс арқауы өнімдері мен жинақтаушы құрылғылардың жылжымалы құрамға қажетті жоғары технологиялық базасы жасақталды.

«Соның нәтижесінде, біз ішкі сұранысты толық жауып, машина жасау өнімдерін сыртқа шығару арқылы шикізаттық емес экспорттың жаңа көзін аштық. Бүгінгі таңда біздің зауыттардың өнімдері Еуразия құрлығының нарығына жеткізілуде»,-деп атап өтті Қ. Алпысбаев.

Қазіргі таңда Компания қызметінде жүк және жолаушылар тасымалдау мен транзиттік тасымалға басымдық беріліп отыр. Осыған орай, ҚТЖ машина жасау активі технологиялық өндіріс иелеріне стратегиялық серіктестер ретінде бірлесіп иелік ету арқылы жекешелендіруге бағыт ұсталынып отыр.

«Бұл өз кезегінде қазақстандық зауыттардың ғаламдық  және әлемдік конгломераттардың өндірістік тізбегіне қосылуы арқылы  қазақстандық зауыттардың өнімдерінің экспортқа шығарылуы мен дамуына серпін береді», -деп атап өтті Қ. Алпысбаев.  

Өткен жылдың соңында «ҚТЖ» ҰК» АҚ үлесіне жататын «Локомотив құрастыру зауытының» 50% акциясы GE Transportation Engines Holding B.V. компаниясына сатылды.

Соңғы үлгідегі электровоздар мен жолаушылар вагондарын шығаратын зауыттарды франсуздың Alstom компаниясы мен испандық Talgo компанияларына өткізу жөнінде келіссөздер жүргізілуде.

Биылғы жылғы мамырда әлемдегі ірі теңіз операторы логистикалық қызмет провайдері «COSCO Shipping» пен Ляньюньган порты, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-ын бірлесіп дамыту жөнінде Инвестициялық келісім жасалды.

«Бұл «Нұрлы жол» бағдарламасы мен «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бастамашылығының ұштасқан маңызды бөлігі болып табылады», деп атап өтті «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы. Жаңа форматтағы стратегиялық серіктестік Қытайдан Еуропаға шығатын жүк тасымалының теңіз және құрлықтағы оңтайлы бағдарын таңдауға мүмкіндік әпереді».

Мұның барлығы өз кезегінде трансқазақстандық бағдарларға жаңа жүк ағындарын тартуға ықпал етеді. Сонымен қатар Қазақстанның Жаңа Жібек жолы бойындағы ел ретіндегі іскерлік және логистикалық хабы болып қалыптасуына дем береді.

«Компанияның ірі активтеріне стратегиялық инвесторлар тарту Қазақстанның транзиттік көлік әлеуетінің серпінді дамуына зор ықпал етеді»,-деп атап өтті «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі 

 

 

 

 

  

 

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта