Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Теміржол әкімшіліктері мен халықаралық көлік-логистикалық компанияларының басшылары ЭКСПО -2017 көрмесімен танысты

 

Азербайжан, Грузия, Литва, Молдова, Украина, Қытай, Польша теміржол әкімшіліктерінің басшылары мен шетелдік көлік-логистикалық компанияларының өкілдері ЭКСПО-2017 көрмесімен танысты.

Бизнес-форум қатысушылары көрменің «Нұр Әлем» халықаралық, тақырыптық, коммерциялық, корпоративтік павильонында болды. Қонақтар ЭКСПО көрмесінің бірінші қабатындағы корпоративтік павильонындағы «ҚТЖ» ҰК» АҚ экспозициясын қызыға тамашалады.

Көрмелік материалдарға Қазақстанның көлік және логистикалық хабы, Жаңа Жібек жолы, ғаламдық көлік желісіне жалғасуы, ел экономикасының қалыпты дамуына теміржолдың ықпалы арқау болған

«Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу Қазақстан өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Барлығы да жоғары деңгейде ұымдастырылған»,-дейді «Әзірбайжан темір жолы» ЖАҚ төрағасы Джавид Гурбанов.

Румыния көлік министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Мария Григоре Қазақстан теміржолының техникалық мүмкіндігіне тоқталғанды жөн санады.

«Соңғы жылдары Қазақстанның әлеуеті өте жақсы көтерілді. Ел экономикасымен қатар Еуропа мен Азияны жалғайтын жаңа көлік дәлізінің ашылуы жаңа бағдарға шығарды. Қазақстанды осындай толайым табыстарымен құттықтаймын»,- дейді М. Григоре.

«Украина темір жолының» Тасымалдау және логистика жөніндегі директоры Максим Кушнирчуктің айтуынша, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның экспозициясы Қазақстан темір жолының серпінді дамуын, динамикасын, болашаққа бағдарын өте жақсы көрсете білген. Жаңа Жібек жолының дамуын ғажап суреттейді».

«ҚТЖ» ҰК» АҚ экспозициясын көріп таң қалдым. Ол Қазақстан теміржолының технологиялық дамуын жақсы сипаттаған. Мен Қазақстанды Орта Азияның көшбастаушысы деп есептеймін. Дамудың даңғыл жолына түскен мемлекет. Мен Қазақтанды соңғы 15 жылда бақылап келе жатырмын. Әсіресе, технологиялық даму басым»,-дейді «Plaske LTD» бақылаушылар кеңесінің төрағасы, президенті Олег Платонов.

Қонақтардың назарына дамудың үш кезеңі ұсынылған. Ұлы Жібек жолының жаңғыруы, теміржол көлігінің инфографикалық даму көрінісі, «Нұрлы жол» бағдарламасы нысандарының шағын макеттерімен, қазақстандық локомотив өндірісінің дамуы көрсетілген.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ көрмелік экспозициясы жеті бөліктен тұрады. «Орталық үстелінде «Жаңа Жібек жолы»; «Теміржол машинасын жасау», Логистикалық инфрақұрылым»; «Қазақстанның транзиттік Батыс және Шығыс қақпасы», «Астана көлік логистикалық орталығы»; Астана жаңа халықаралық әуежайындағы терминалы мен «Нұрлы жол» теміржол вокзалы кешені», «Теміржол көлігіндегі қуат көзін үнемдеу», «GE виртуальдық нақтылы жүйесі» қамтылған.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қонақтарды Компанияның қызметімен таныстырып, Қазақстанның теміржол саласының көтерілуін атап өтіп, транзиттік тасымалдың қарқынды дамуына ерекше тоқталды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта