Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Астанада «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «DP World» АЭА Қазақстан порттары үшін бірыңғай «PCS» жүйесін құруға уағдаласты

15 маусымда төртінші Халықаралық көлік-логистикалық «New Silk Way» бизнес форумында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «DP World» АЭА сауда және логистика («PCS»)  бірыңғай электронды терезесін өндіріске енгізіп, басқару туралы Келісімге қол қойды.

Маңызды құжатқа «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев пен «DP World» компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Сұлтан Ахмед бин Сулайем қол қойды.

Келісім логистиканы автоматтандыру үдерісін (жүктерді жеткізу мен тексеру), Қазақстанның барлық логистикалық орталықтарын біріктіру, теңіз және құрғақ порттарды бірыңғай логистикалық желіге қосу жайларын қарастырады.

 Сондай- ақ, қол қойылған Меморандумда сауда және логистика саласын бірыңғай электрондық («PCS») терезесіне ықпалдастыру көзделеді. Бұл құжатқа ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс жөніндегі комитет төрағасы Ғ. Әмрин, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев пен «DP World» компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Сұлтан Ахмед бин Сулайем қол қойды.

Маңызды құжаттарға қол қою рәсімінен соң брифингте  «DP World» компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Сұлтан Ахмед бин Сулайем:

 «Дубайдың әлемнің 40 еліндегі тәжірибесі көрсеткендей, қызмет түрлерін ықпалдастыру біздің бизнесіміздегі серіктестерімізбен бірге сауданы тез әрі қауіпсіз, тиімді жүргізуге көмектеседі. Сондықтан бүгінгі Қазақстандағы бұл шара бизнес тиімділігін көтерудегі елдердің сауда шешімінде инттеллектуальдық кепілдіктердің қамтамасыз етілетіндігін көрсетеді».

«Біз бұған дейін де Дубайдағы көлік дәлізі болып табылатын Джебель-Али өнімімен автокөлік, теміржол, әуе және теңіз көлігіне (Dubai Trade Portal) Дубай сауда порты арқылы кедергісіз өтуді қамтамасыз етіп, тәулігіне 50 мың транзакция жасаймыз»,- дейді Султан Ахмед бен Сулайем.

«Қазақстан зор әлеуетке ие. Ел басшылығы азаматтардың әл ауқатының жақсаруы үшін сындарлы саясат жүргізіп, тиісті шараларды атқарып келеді. Қазақстан Азияның сауда жолында орналасқанымен теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ елдердің қатарында. Нұрсұлтан Назарбаевтың ішкі және сыртқы саясаттағы тығыз байланысы елді «көлік тұзағынан» шығарып, экономикасының дамуына серпін берді. Біз Қазақстанның Үкіметімен өңірдегі ірі көлік және логистикалық орталық жасақтау жолындағы қызметімізді мақтан етеміз»,-дейді  «DP World» басшысы.  

Өз кезегінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаевтың айтуынша,электронды басқарудың «PCS» бірыңғай жүйесін енгізу жүк ағындарына қызмет етуді жаңа сапалық деңгейге көтереді.

«Бірыңғай электрондық қызмет көрсету терезесі қағазбастылықтан құтқарады. Көлік және жүк ағыны операциясына қатысушылардың уақытын тиімді пайдаланып, шараларды жедел жүзеге асыруға ықпал етеді. Аталмыш жүйе Қазақстанда халықаралық сауданы стратегиялық дамытуға және әлемдік стандарттар шегінде ақпарат алмасуға мүмкіндік әпереді»,-дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта