Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Халықаралық көлік дәлізіне қатысушылар Астанада ТХКБ болашағы мен мүмкіндіктерімен танысты

14 маусымда Астанада «Транскаспий халықаралық көлік бағдарының тасымалдаудағы бәсекелестігі мен тиімділігін көтеру, көлік инфрақұрылымын дамыту» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

«Транскаспий халықа.ралық көлік бағдары» Халықаралық қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастыруымен өткізілген талқылауға Қазақстан, Азербайжан, Грузии, Украина, Қытай, Түркия, Польша, Латвия, Литва, Румыния, Болгария мен Молдованың кеме қатынасы және көлік –логистикалық компаниялары,  көлік қауымдастықтары, порт әкімшіліктері, теміржол саласының 80-нен астам өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында қазақстандық және шетелдік сарапшылар Транскаспий бағдарының тасымалдау мүмкіндігінің болашағы, Баку- Тбилиси- Ахалкалаки –Карс теміржол желісін ашу, порт инфрақұрылымын кеңейту, тұрақты контейнерлік қызметті дамыту мәселелерін талқылады.  

Вице-президент турецкой компании  Arkas Logistics Services Group  түркі компаниясының вице-президенті М.Чипер Түркияның ТХКБ арқылы интермодальдық көлік және порттық қатынастарды пайдаланып жүк тасымалдаудың болашағы зор екендігін жоғары бағалады. 

Дөңгелек қорытындысы бойынша «Транскаспий халықаралық көлік бағдары» Халықаралық қауымдастығы» ЗТБ мен Қытай көлік және коммуникациялар қауымдастығы арасында Меморандумға қол қойылды.

Осы күні «Транскаспий халықаралық көлік бағдары» Халықаралық қауымдастығы» ЗТБ құрылтайшыларының жалпы жиналысы өткізіліп, онда бұрынғы қолданыстағы ТХКБ тарифтік мөлшерлемесін қайта қарап, жаңадан бекіту сонымен қатар Украина Қара теңіз порты арқылы өткізудің жаңа тарифтік мөлшерлемесін талқылады.

Қауымдастықтың Жалпы жиналысының шешімімен «Кең табанды металлургиялық жол» ААҚ (Польша) компаниясы қауымдастықтың жаңа мүшелігі құрамына қабылданды.

«Транскаспий халықаралық көлік бағдары» Халықаралық қауымдастығы» ЗТБ

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта