Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«Нұрлы жол» ЭКСПО-2017 қонақтары мен оқушыларды қарсы алады

 

Атырау облысының 100-ден астам оқушысы ЭКСПО-2017 көрмесімен Астана «Нұрлы жол» теміржол вокзалына тоқтап, тамашалады.

Атыраудың  оқу озаттары, олимпиада және түрлі байқауларының жеңімпаздары, белсенділер мен спортшылары   Астананы аралап, саяхаттауды елорданың жаңа теміржол вокзалынан бастады.

«Жаңа вокзалдың қызметкерлері оқушыларды жылы қарсы алды. Бірыңғай форма киген жас жігіттер мен қыздар бізге бәрін түсіндіріп вокзал аумағын аралатып, арнайы автобусқа дейін шығарып салды»,-дейді Құрманғазы ауданындағы орта мектептің мұғалімі Гүлжүзім Ермекқызы.

«Нұрлы жол» жаңа вокзалы кешенінің директоры Дінмұхамед Құсайыновтың айтуынша, күн сайын вокзалға мыңдаған жолаушылар мен қала қонақтары келуде.

«Біздің вокзалда қонақтарды қалай қарсы алуымызға байланысты жолаушылардың Астана және Ұлттық компания туралы пікірлері қалыптасады. Мұнда жаңа теміржол нысанының жаңа қызмет түрлері ғана емес, ондағы қызметкерлердің де инабаттылық көрсетіп, күлімдеп қарсы алып, шығарып салуы көп рөл атқарады. Бүгін мұнда ЭКСПО көрмесіне келген Атыраулық оқушыларды қарсы алдық»,- дейді Д.Құсайынов.

Атыраулық оқушылар  үш күнде халықаралық көрмені тамашалап, елорданың көрікті жерлерін аралайды. Оқушылардың елордаға ЭКСПО-2017 сапарын Атырау облысының әкімдігі ұйымдастырды.

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

   

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта