Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Астана әуежайындағы жаңа терминалда баж салығынсыз сауда алаңы ашылды

Астана әуежайының жаңа терминалынының  халықаралық ұшу бөлігінде баж салығынсыз Duty Free сауда алаңы ашылды. Халықаралық бағдардағы жолаушылар онда мыңнан астам әлемдік және қазақстандық бренд өнімдерді алады.

«Әуежайды дамытуда баж салығынсыз сауда алаңын ашудың маңызы зор. Астана халықаралық әуежай болғандықтан баз салығынсыз алаңы болуы тиіс. Біз осы жобаны жүзеге асырдық»,-дейді Астана Халықаралық әуежайының басқарма төрағасы Паоло Ричиотти.

Баж салығынсыз сауда дүкені  «Spirit of Kazakhstan», жоғары сапалы отандық өнімдер: тағамдар, ұлттық киімдер, ЭКСПО-2017 әсемдік заттары, кәдесыйлар басқа да түрлі зергерлік, қолөнер  бұйымдары бар.

Dufry Бас директоры З.Рашдорфтың айтуынша, «аталмыш жобаны жүзеге асыру барысында халықаралық сапа талабына сай қазақстандық отандық өнімдер іріктелді. Болашақта өнім түрлерін көбейту жоспарланып отыр».

Астаналық әуежай жолаушыларға сапалы қызмет көрсету мен олардың сұранысын қанағаттандыру үшін қызмет көрсетудің жаңа түрлерін игеру үшін барлық шараларды жүзеге асыруда.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта