Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Медициналық пойыз өңірлердің 17 мыңнан астам тұрғынына дәрігерлік қызмет көрсетті

«Саламатты Қазақстан» және «Денсаулық» кеңес беру және диагностикалық пойыздарының дәрігерлері Қарағанды, Шығыс-Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарының 17 мыңнан астам тұрғындарына  қызмет көрсетті. Медициналық пойыздар екі айда 60 теміржол станциясын қамтыды.

Күні бүгін «Саламатты Қазақстан» пойызының дәрігерлері Шығыс-Қазақстан облысының Бұқтырма станциясында, «Денсаулық»  медициналық пойызының дәрігерлері Атырау облысының Сағыз станциясында  тұрғындарға қызмет көрсетуде.

Осы екі айда 100 мыңнан астам жергілікті тұрғындар пойыздағы дәрігерлердің қызметіне жүгінген. 100 мыңның үстінде диагностикалық дәрігерлік қабылдау жүргізілсе, 400 амбулаториялық ота жасалды. 800 ден астам әйел маммологқа қаралды. Өңірлердің 5 мыңнан астам тұрғындары тіс дәрігерлерінің қабылдауында болды.

Атап өтерлігі, «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 11 сәуірде Қарағанды станциясынан сапарға шықты.  Жылжымалы құрам Қазақстанның орталық, солтүстік, шығыс өңірін биылғы қарашаның 6-на дейін қамтитын болады.

Сәуірдің 18-інде Алматы-1 станциясынан «Денсаулық» медициналық  пойызы Қазақстанның оңтүстік, батыс өңірлеріне аттанып кетті. Медициналық пойыз бұл өңірлерді  желтоқсанның 20-сына дейін араламақ.

Медициналық пойыздарды жасақтау жобасын «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Әлеуметтік жобалар қоры» Корпоративтік қоры, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, «Қазпошта» АҚ, Денсаулық министрлігі, ҚР ІІМ жергілікті басқарамалардың қолдауымен жүзеге асырып отыр.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта