Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі бірінші тоқсанның қорытындысын қарады

 

18 -мамырда ҚР Премьер министрінің бірінші орынбасары, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Асқар Мамин Компания директорлар кеңесінің кезекті отырысын өткізді.

Отырыста 2017 жылғы бірінші тоқсандағы жоспардың орындалуы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ 2017-2021 жылдары даму жоспарының орындалуы, Компаниядағы ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, Бизнесті трансформациялау бағдарламасының қазіргі кездегі мәртебесі туралы ақпараттар тыңдалды.

Есепті отырыста айтылғандай, биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы экспорт пен импорт көлемінің өсуіне байланысты республикаішілік бағдарлардағы жүк айналымы шамамен 50 млрд.ткм құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес, мерзімімен салыстырғанда көрсеткіштің 14,3% артқандығын көрсетеді.

Тасымалдау көлемінің 10 пайызға ұлғаюына байланысты өткен жылмен салыстырғанда 11 % өсті.

Компанияның алғашқы тоқсандағы шоғырландырылған таза кірісі 26 млрд. теңге құрады.

EBITDA көрсеткіші 38,8 млрд.теңге құрады. Бұл жоспарлы көрсеткіштен 1,4%, ал 2016 жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 8,1 млрд.теңгеге жоғары.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Бизнесті трансформациялаудың Жол картасын жүзеге асырудың аясында техникалық қызмет көрсетудің жаңа моделін өндіріске енгізу, жылжымалы құрамды жөндеу және теміржол инфрақұрылымын жақсарту бойынша 5 бақылау нүктелерінің жұмысы аяқталды.

Отырыста Корпоративтік тұрғын үй бөлудің Ережесі, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Жарғысына толықтырулар бекітілді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта