Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да көлік саласындағы өлшеулер халықаралық семинары өткізілді

2017 жылғы 16 мамырда Астана қаласында «Казахстан Темір Жолы» ҰҚ» АҚ-да Дүниежүзілік метрология күніне орай «Көлікке арналған өлшеулер» тақырыбында халықаралық семинар өтті.

Семинарға мемлекеттік органдар, халықаралық сарапшылар –Халықаралық және өңірлік метрологиялық ұйымдардың: Халықаралық заңнамалық метрология бюросының, Халықаралық салмақтар мен өлшемдер бюросының, Еуразия, Африка және Американың өңірлік метрологиялық ұйымдарының өкілдері қатысты.

Семинар қоғамның кең ауқымының экономика салаларын дамытуда метрологияның маңызды роліне назар аударуға және метрологиялық қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылауға, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ саланың жетекші метрологтарын кәсіби жетістіктері үшін ынталандыруға мүмкіндік берді.

Семинарға қатысушылар алдында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғалымжан Доғалов сөз сөйлеп, Қазақстандағы метрология және техникалық реттеу жүйесін жақсартуға назар аударды.

Метрологиялық қызметтің негізгі жаңа түрлері мен өлшеу құралдары туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Қотырев баяндады.

Б. Қотыревтің айтуынша, теміржол көлігіндегі негізгі өлшеу жүйесі, оның ішінде көлікті пайдалану, жылжымалы құрамды жөндеу кезінде талаптарды сақтау арқылы теміржол көлігінің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін жағдайда болуы керек.

Семинар барысында BIPM  Халықаралық өлшем мен салмақ бюросы, Еуразиялық метрологиялық (COOMET), Африкалық (AFRIMETS), Америкалық елдердің (SIM) аймақтық ұйымдары өздерінің қызметтерінің жаңа үлгілерін көрсетті.    

Әсіресе, «Қазинметр» РМК, «ҚазИнСт» РМК секілді бірыңғай өлшеу жүйелерін қамтамасыз ету мекемелерінің қызметі қызығушылық туғызды.

Семинар аяқталған соң «2017 жылдың Үздік өлшеу құралы» («Лучший измерительный прибор года») Қазақстан конкурсының қорытындылары жарияланды.  Озаттар марапатталды. Олардың қатарында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ғылыми-зерттау орталығының метрологиялық қамтамасыз ету секторының бастығы А. Тасыбаева, Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясы зертханасының метрологы А. Сорокин, Арыс вагон пайдалану депосының зертханасының өлшеушісі и. Алтаев, Ақтөбе электрмен қамту дистанциясы зертханасының өлшеуші инженері Р. Төлеп, Астана жол диагностикасы құрылғылары аймақтық зертханасының бастығы Д. Жұматаев бар.

Семинарды «Казахстан Темир Жолы» ҰК» АҚ, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті «Қазақстан метрология институты» РМК ұйымдастырды.

Айта кетерлігі, 20 мамыр Метрологтардың халықаралық мерекесі. Биылғы жылы бұл атаулы күн көлік саласын дамытудағы өлшеу құралдарының роліне арналды.

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта
Конкурс Детская улыбка