Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Маңғыстау жол бөлімшесінде көктемгі тексеру қорытындысы жасалды

 

Маңғыстау жол бөлімшесінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Корпоративтік қамтамасыз ету жөніндегі вице-президенті Эрик Имашевтің төрағалығымен көктемгі комиссиялық тексеріс нәтижесі шығарылды.

Э. Имашев басқарған комиссия мүшелері «ҚТЖ- Жүк тасымалы» АҚ вице-президенті В. Петров, «Жолаушылар тасымалы» АҚ президенті Н. Қилыбай, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің атқарушы директоры Н. Жаппарқұл, Магистральдық желі дирекциясы» филиалының Жол және имараттар департаменті директорының орынбасары Н Асбеков бірқатар теміржол нысандарын, оқу алаңын, техникалық сыныптарды аралап, жұмыс барысын тексерді. Тексеру қорытындысында станция ұжымы, белгі беру және байланыс дистанциясы, электрмен қамту, жолаушыларды тасымалдау кешені қызметіне баға берілді. Кеңес барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Э. Имашев маңғыстаулық теміржолшыларды Компанияның негізгі қызметі бағытымен таныстырды. Қазіргі кезде ҚТЖ Қытай мен Еуропа бағдарына 15 тен астам транзиттік маршруттарға қызмет көрсетеді. Сонымен қатар бұрын болмаған жаңа контейнерлік пойыз бағдарлары ашылып, табысты жүргізілуде. Қытайдан Қазақстан аумағы арқылы контейнерлік пойыздар Иранға, Лондонға, Түркияға жіберілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына байланысты 2020 жылдары контейнерлік тасымал көлемін 2 миллион ЖФЭ жеткізу көзделіп отыр. Бизнесті трансформациялау Бағдарламасы аясында 2016 жылы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» Ұлттық тасымалдаушы компания құрылды. Ұлттық оператордың көмегімен инфрақұрылым мен қосымша қызмет көрсету активтері жасақталуда. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Боржақты-Ерсай теміржолының құрылысы жүргізіліп, Құрық порты мен Алматы-1-Шу өткізу кешендерінің бірінші бөлігі пайдалануға берілді. Астанадағы замануи теміржол вокзалы мен әуежайдағы жолаушылар терминалының құрылысы аяқталып келеді. Кеңес барысында теміржол инфрақұрылымы нысандарындағы жергілікті үлесті арттыру, қазіргі заманғы ақпараттық және логистикалық технологияларды пайдалану, бизнес үдерісті автоматтандыру, ЭКСПО -2017 көрмесіне әзірлік барысы мен өткізу, жастар және кадр саясатын жүзеге асыру жайлары талданды. Кеңес отырысы барысында вице-президент бірқатар тапсырмалар берді. Оның ішінде басты және қабылдап-жөнелту, сұрыптау жолдарын күтіп ұстау жайлары қаралды. «Бұл нақты нәтижелер «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы мен еңбеккерлерінің тиімді де сапалы қызмет етуінің нәтижесі. Соған орай еңбеккерлердің жалақысына бес пайыздық үстеме ақы қосылады»,-дейді Э. Имашев. Маңғыстау жол бөлімшесі құрылымдық салаларының басшыларына магистральдық желі жұмысын сапалы жүргізу, пойыздың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бизнесті трансформациялауды жалағастыру тапсырылды. Сондай -ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ –ның ЭКСПО -2017 көрмесіне қатысын уақытында атқару жайлары пысықталды. Оның ішінде Маңғышлақ станциясының вокзал кешенін Астанада өткізілетін көрмеге жолаушылардың келуін тыңғылықты ұйымдастыру, БАҚ арқылы ЭКСПО-2017 туралы ақпараттарды, стенділер, баннерлер жасау жайының орындалу шаралары талқыланды. Компанияның вице-президенті Э. Имашев бастаған делегация Бейнеу станциясындағы локомотив депосы мен бірқатар кәсіпорындарда комиссиялық тексеріс нәтижесін талдады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта
Конкурс Детская улыбка