Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Әлемдік ірі теңіз логистикалық операторы COSCO Shipping «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА Құрғақ портын дамытуды инвестициялайды

15 мамырда Бейжіңде «Бір белдеу –бір жол» халықаралық серіктестік форумы аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ COSCOShipping, Ляньюнган портымен бірлесіп «Қорғас Шығыс қақпасы» АЭА дамыту инвестициялық келісіміне қол қойды. Қытайлық инвесторлар  «KTZE – Khorgos Gateway» ЖШС Құрғақ портының 49 пайыздық үлесін сатып алуды жүзеге асырады.

Стратегиялық инвесторлар тарту Азия мен Еуропаның арасындағы жүк ағынын арттыруға, еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту мен транзиттік тасымалда жоғары көрсеткіштерге жету, жүктерді сақтау мен тасымалдауға, оның ішінде Құрғақ порты аумағының әлеуетін дамытуға бағытталады.

«Қорғас-Шығыс қапасы» АЭА COSCO Shipping компаниясының қызметін пайдалана отырып, ғаламдық логистикалық қызмет көрсету деңгейіне көтеріліп, қазақстандық транзиттік бағдарларын  халықаралық логистикалық желі тізбегіне қосылатындай етеді.

Қол қойылған келісім Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы көліктік-логистикалық саланы дамытуға, қазақстандық «Нұрлы жол» бағдарламасы мен қытайлық «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бастамашылығын үйлестіре дамытуға ықпал етеді.

Салтанатты қол қою шарасына ҚР Премьер министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин, Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек, ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдрахманов, Ляньюньган қаласының мэрі Сян Сяолун  қатысты.

Анықтама:

COSCO Shipping логистикалық қызмет көрсететін ірі әлемдік теңіз операторы.Корпорация құрамында 1100 теңіз кемесі 1,6 млн. контейнерге қызмет көрсетеді. 300-ден астам халықаралық және ішкі теңіз бағдарларына шығады. Әлемнің 79 мемлекетіндегі  254 портпен қатынас жасайды.

Ляньюньган порты Қытайдың Сары теңіздегі ірі теңіз айлағы, Әлемнің 30 ірі портына қатарына кіретін, жылына 200 миллион тоннадан астам жүк пен 5 миллион контейнер жеткізеді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 



 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта
Конкурс Детская улыбка