Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымы мүмкіндігі Еуропалық экономикалық конгреске ұсынылды



Польшаның Катовица қаласында өткізілген 9-шы Еуропалық экономикалық конгресінің отырысына «KTZ Express» АҚ (ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны), «Астана» Халықаралық қаржы орталығы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры делегациялары қатысты.

Конгреске Қытай, Вьетнам, Африка елдері, Индия және Араб түбегінен 6 мыңнан астам делегаттар қатысты.

Шара барысында экономикалық өмір, қоғамдық тіршілік, сауда қатынастары, бірлескен жобалар жасау секілді алуан түрлі сала қамтылды.

Польша республикасындағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен Қазақстанның қаржылық және логистикалық хаб болып қалыптасуы туралы сессия өткізілді. «KTZ Express» АҚ-ның атқарушы директоры С.Анашкин Қазақстандағы көлік инфрақұрылымының дамуы логистикалық инвестициялық жобаларға жасалып отырған қолайлы ахуалы туралы баяндады.

«Қазақстан-Қытай шекарасына орналасқан «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА көлік-логистикалық инфрақұрылымы және Қазақстанның қытайлық Ляньюньган портындағы терминалы Еуразиямен жалғайтын көлік дәлізіндегі жүктерді шоғырландыратын орталық болып табылады»,-деп атап өтті С. Анашкин.

Конгресс отырысы барысында ҚР мен ПР елшіліктері ұйымдастыруымен қазақстандық делегация мүшелері Польша Премьер-министрінің орынбасары – даму және қаржы министрі М. Моравецкимен кездесуі өткізілді.

Тараптар польшалық кәсіпкерлердің елордасында өткізілетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысуын, екі ел арасындағы көлік және қаржы салалары мен кәсіпкерлік тұрғысындағы серіктестіктерді дамыту жайын қарастырды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта
Конкурс Детская улыбка